Перуашев
Азат
Тұрлыбекұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Президенттің Алматы қаласының сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасынан туған тұжырымдар

 

Президенттің Алматы қаласының сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасынан туған тұжырымдар

https://t.me/peruash/10760

Біріншісі және ең маңыздысы: азаматтардың өмірі мен денсаулығы, олардың қауіпсіздігі - басты құндылық. Уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың барлық шаралары мен функциялары соған бағытталуы тиiс, түрлі сылтаулар қабылданбайды.

 

Екіншіден: азаматтарды төтенше жағдайда қалай әрекет етуге үйрету, тиісті білім мен дағдының болуы ең маңызды фактор. Соңғы жер сілкінісі Төтенше жағдайлар министрлігінің бұл бағыттағы күш-жігерінің тиімсіздігі мен формалды сипатын айқын көрсетті (бұл туралы «Ақ жол» фракциясының депутаттық сауалында да айтылды: 

https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/almatda-zher-slknsnen-saba-alu-kerek).

Қ.Тоқаев жалаң есепті қойып, осы жұмысты ұйымдастыруды тапсырды -  қазақстандықтар практикалық және бұқаралық дағдыларға ие болу керек.

 

Үшіншіден: мемлекеттік органдардың оптимистік есептерінен гөрі, мемлекет басшысы жауапты тұлғалардың әрекетіне аса қатаң баға беріп, Төтенше жағдайлар министрін теориялық жұмысқа қайта оралу туралы ойлануға шақырды. Бұл ведомство мен жергілікті органдардың өзара әрекеттесу сынағынан өте алмағандығынан, бірыңғай жүйе жұмыс істемеді немесе ол мүлдем жоқ. Табиғи апаттың зардабы ауырға соқпай, адам шығыны болмағанына шүкір. Барлық басқа кемшіліктің жанында бұл үлкен плюс, бірақ шенеуніктердің арқасында емес.

 

Төртіншіден: соған қарамастан президент бұл сабақтан практикалық қорытынды жасауға шақырды: адамдарды оқыту, ескерту жүйесін және азаматтық қорғаныстың бүкіл инфрақұрылымын қайта құру, ғимараттардың сейсмикалық төзімділігіне қойылатын талапты күшейту (айтпақшы, бұл тапсырма Құрылыс кодексін қабылдау аясында депутаттарға да тікелей қатысты) т.б.

 

Бесіншіден: ең заманауи бақылау және ескерту жүйелерін жарақтандыруға және енгізуге ерекше рөл беріледі. Пайдаланушыларға қауіп туралы хабар берген Google және Android (жер сілкінісінен бірнеше минут бұрын болса да) бұл саладағы мүмкіндіктердің бар екенін көрсетті. Сондықтан оларды қазақстандықтардың игілігіне пайдалану маңызды.

 

Алтыншыдан: Президент прокуратура мен Антикорға бюджеттен 1 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалған автоматты ескерту жүйесінің істен шығуының себептері мен оған жауаптыларды анықтауды тапсырды.

Күні кеше ғана Төтенше жағдайлар министрлігі бұл сәтсіздікті жүйені «сынау» деп түсіндіруге тырысты, бірақ біздің ойымызша, осындай оқыс оқиғадан артық сынақ жоқ. Ең тиімді жаттығулар «соғыс жағдайына жақын»  жаттығулар деп бекер айтылмаған.

Көріп отырғанымыздай, Мемлекет басшысына мұндай сылтаулар ұнай қоймады («Ақ жол» фракциясының да бұған көңілі толмады - ол туралы аталған депутаттық сауалда айттық). Тергеу нәтижесін күтеміз.

 

Жетіншіден: бұл ретте Қасым-Жомарт Кемелұлы Төтенше жағдайлар министрлігінің жер асты дүмпулері басталғаннан кейін соғылған дабылдың өзі мағынасыз екендігі туралы орынды дәлелін назардан тыс қалдырған жоқ. Төтенше жағдайларды жою сатысында азаматтарды барлық қолда бар құралдармен әрекет ету тәртібі, эвакуациялау жолдары, жиналу және көмек көрсету орындары және т.б. туралы хабардар ету маңыздырақ. Мұндай жағдайларда дабылдың дауысы көмектен гөрі кедергі келтіруі мүмкін. Сондықтан да, президенттің ескерту жүйелерінің жұмыс істеу қағидаттарын қайта қарау туралы тапсырмасы өте орынды.

 

Осы және басқа да тұжырымдар мен нұсқаулар шынымен де пайдалы болып, қажет болған жағдайда азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығын сақтайды деп сенеміз.

 

Ел аман, жұрт тыныш болсын.