Перуашев
Азат
Тұрлыбекұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Мәжілісте «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» парламенттік ынтымақтастық комитетінің 19-отырысы өтті.

Мәжілісте парламенттік ынтымақтастық комитетінің 19 отырысы өтті Нұр-Сұлтан. 12 сәуір, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» парламенттік ынтымақтастық комитетінің 19-отырысы өтті. Оған Мәжілістегі Халықаралық Істер, Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы, «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» парламенттік ынтымақтастық комитетінің тең төрағасы Айгүл Құспан жетекшілік етті. Жиында екіжақты ықпалдастықтың бүгіні мен болашағы, парламентаралық диалогты дамыту жолдары, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыру барысы талқыланды. Сонымен бірге қос тараптың депутаттары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Орталық Азияда ішкіаймақтық интеграцияны және аймақаралық ықпалдастықты ілгерлету мәселелері туралы пікір алысты. Айгүл Құспан еуропалық әріптестеріне Қазақсан Президенті Қ.К. Тоқаевтың еліміздің саяси жүйесін жаңғырту, соның ішінде Парламенттің, Адам құқығы жөніндегі уәкілдің рөлін арттыру, сайлау және сот жүйелерін жетілдіру бағытындағы ауқымды бастамалары туралы айтып берді. Комитет төрайымының пікірінше ол қадамдардың барлығы маңызды экономикалық және әлеуметтік проблемаларды шешуге, сонымен қатар, халықтың ұзақмерзімді сапалы өмірін қамтамасыз етуге арналып отыр. Өз кезегінде Еуропалық Комитет төрағасының көлік және туризм жөніндегі орынбасары Андрис Америкс Қазақтан мен Еуропалық одақ арасында сауда-экономикалық байланыстың жоғары қарқынын сақтаудың және стратегиялық міндеттерді жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды. Ал еуропалық депутаттар адам құқығы және заң үстемдігі саласында екіжақты диалогты нығайтуға баса назар аударды. Отырыстың күн тәртібінде халықаралық қоғамдастықтың рөлі, саяси-экономикалық жағдай, демократиялық реформалар, екіжақты қарым-қатынас сынды басқа да көптеген мәселелер қаралып, Мәжіліс депутаттары А. Перушаев, Л. Сүлеймен, А. Сарым, С. Имашева, А. Рау, Д. Тұрғанов, Т. Адамбеков өз ұсыныстарын айтты. Отырыс соңында аталған комитеттің 18-отырысының хаттамасы бекітілді. Келесі 20 отырыс 2023 жылы көктемде Брюссельде өтеді.