Рақымжанов
Асхат
Нұрмағамбетұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Өңірлерге шығу (Шығыс Қазақстан облысы)

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы филиалының белсенділерімен кездесу, «Риддер жылу электр орталығы» АҚ-на бару.

Кездесулер барысында көтерілген өзекті мәселелер:

- туризм саласындағы шағын және орта бизнес өкілдеріне жергілікті атқарушы органдар тарапынан қолдаудың жоқтығы;

- облыста жаппай тараған қаңғыбас иттер мәселесі. Ауланған жануарларды ұстауға арналған питомниктердің жоқтығы, барлық ауланған жануарларды вакцинациялайтын, зарарсыздандыратын және микрочиппен қамтамасыз ететін материалдық-техникалық базасы да, қажетті саны да жоқ;

- қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары мәселесі. Өскемен қаласында қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны өз ресурсын әлдеқашан таусылған және одан қоқыс жан-жаққа ұшады, егер қоқыс тұтанса, онда күйдіргіш улы түтін де болады;

- кәсіпорындар шығаратын шығарындылар қоршаған ортаны бұзады және азаматтардың денсаулығына зиян келтіреді;

– еңбекақының аздығынан Риддер ЖЭО-да кәсіби мамандар жоқ. Жалпы, жылу электр орталығы кадр тапшылығы мәселесімен бетпе-бет келіп отыр;

– қаладағы жылу желілері тозған, бұл кейбір көпқабатты тұрғын үйлердің жылумен қамтамасыз етілмеуіне әкеліп соғуда.