РАУ
Альберт
Павлович

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының Орынбасары

Депутатқа хат
ГФР сыртқы істер министрінің делегациясымен кездесу

Бүгін Мәжілісте біз ГФР сыртқы істер министрі Анналена Бербоктың делегациясы құрамында Қазақстанға келген Бундестаг депутаттарын қабылдадық.

Әр түрлі парламенттік фракциялардың атынан шыққан неміс әріптестеріміз Президент қ.Тоқаевтың ауқымды саяси реформаларын, сондай-ақ оның Орталық Азиядағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған белсенді сыртқы саясатын құптады. Қонақтардың айтуынша, Германия кәсіпкерлері үшін олардың инвестицияларының қауіпсіздігі, сәйкесінше біздің елімізде және өңірде тұрақтылық пен бейбітшілік өте маңызды. Қазақстанның саяси жүйесіндегі Парламенттің рөлі артып келе жатқанын ескере отырып, Бундестаг депутаттары біздің байланыстарымызды, әсіресе парламенттік достық топтарының желісі бойынша нығайтуға дайын.