Рожин
Максим
Николаевич

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Егемен Қазақстан газетіндегі мақала

Ал осы заң арқылы біз заңсыз сатып алынған активтерді қайтару бо­йынша жаңа құралдар жинағын аламыз. Яғни халықаралық тәжірибеге сай активтерді азаматтық тәртіппен ерікті немесе мәжбүрлеп қайтаруға негізделген жаңа рәсімдер пайда болды.

Заңды әзірлеу кезінде Ұлыбри­тания, АҚШ, Германия, Канада, Аустралия, басқа да елдердің қыл­­мыс­­тық іс жүргізуден тыс, яғни аза­маттық сот ісін жүргізу шең­берінде азаматтық тәркілеу арқылы мү­лікті тәр­кілеу тетік­терін қол­да­на­тын тә­жіри­бесі зерт­телді.

Маңызды істе, яғни  заңсыз ак­тивтерді қайтару барысында ашық­тық бола ма деген сұрақ көпшіліктің кө­кейінде жүр. Оның ашық болуын қам­тамасыз ету мақсатында тұрақты н­е­гізде жұмыс істейтін комиссия құ­ры­лады.

Комиссияның негізгі функциясы – заңсыз алынған активтерді қайтару бойынша ұсыныстар әзірлеу. Бұл ұсыныстарды уәкілетті орган қарауға міндетті. Егер нақты бір адамның активтерінің заңдылығына күмән туса, комиссияның ұсынысы бойынша уәкілетті орган мұндай адамды тізілімге енгізуі мүмкін. Тізілімде субъектілер және олардың үлестес адамдары туралы мәліметтер болады.  

Азаматтық тәркілеу жөніндегі бар­лық негізгі шешімдер комиссия ар­қылы өтеді. Заңсыз активтерді тәр­кілеу сот шешімі бойынша ғана жүзеге асырылады. Адамдар аза­маттық сот ісін жүргізу шеңберінде шешім­дерге шағымдана алады.

Осылайша, активтерді қайта­ру­ға қойылатын халықаралық стан­дарт­тың  талаптары қарапайым: бәрі заңға негізделуге тиіс, тиісті үдеріс жүзеге асып, сот тарапынан бақылау жасалып, қоғам үшін ашық болуы керек.