Сабильянов
Нұртай
Салихұлы

VIII сайланған
Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
2016 ЖЫЛДЫҢ 4-6 МАМЫР АРАЛЫҒЫНДА ДЕПУТАТТЫҢ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ

р/с №


1.

Сапардың  географиясы жәнеқамтылған елді мекендердің саны

4 мамыр – Семей қ.:

1. қаланың қоғамдығымен кездесу;

2. журналисттермен кездесу, бағдарламада қатысу;

3. КазМЗУ студенттерімен кездесу;

4. Семей қ.рұқсат етілмеген митингке қатысушылармен және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездесу.

5 мамыр:

1. Жарма ауданының Шар қаласы;

2. Жарма ауданының Қалбатау ауылы;

3. Аягөз ауданының Аягөз қаласы;

6 мамыр:

1. Үржар ауданының Үржар ауылы.

2.

Тұрғындармен кездесулер өткізілді, қатысқан адамдар саны

 

8 кездесу

Қатысқан адамдар саны:

Семей қаласы – 415 адам,

Шар қаласы – 350 адам,

Қалбатау ауылы – 200 адам,

Аягөз қаласы – 470 адам,

Үржар ауылы – 300 адам,

Барлығы – 1 735 адам


3.

Азаматтарды қабылдау:

1. Партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінің атауы.

2. Өткізілген қабылдаулар саны

3. Қабылдаған азаматтар саны

4. Қойылған мәселелерді сол жерде шешу бойынша қабылданған шаралар


4.

БАҚ беттеріне жариялау


14


5.

Партияның маслихаттардағы Фракциясы:

Өткізген кездесулердің саны, маслихаттардың атауы

-

6.

Партияның облыстық, аудандық, қалалық филиалдарының офистерінде өткізілген кездесулер


-

7.

Партиялық активпен, мәслихат депутаттарымен, еңбек ұжымдарымен және ауылдық елді мекендер тұрғындарымен кездесулер барысында көтерілген негізгі мәселелер

Семей қ.:

- Семей қаласында және оған қарасты ауылдық елді мекендерде инфрақұрылым құрылысының қажеттілігі туралы;

- Мақсаты бойынша пайдаланбайтын немесе ҚР заңнамасын бұзумен пайдаланатын жер телімдерін қайтару кезінде туындайтын проблемалар және әкімшілік кедергілер (мемлекеттік органдар үшін) туралы. Осыған орай, мерзімдерді қысқарту және аталған жер телімдерін қайтару рәсімдерін оңайлату (рәсімдеу, тексерістер ашу, ұйғарымдарды табыстау) қажет;

- Семей қаласында мұқтаждарға тұрғын үй құрылысының қажеттілігі туралы;

-Семей қаласында балаларды мектепке дейінгі оқумен қамтамасыз ету мәселесін шешуге жергілікті бюджет қаражатының жетіспеуіне байланысты, республикалық бюджеттен қаржыландыру қажеттілігі туралы;

- Жеке тұрғын үй құрылысына қажетті қала инфрақұрылымының құрылысына қала бюджеті қаражатының жетіспеуі туралы (қазіргі таңда Семей қаласында жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін алуға 9 500 –ден аса өтінім берілді);

- Семей қаласында жолдарға төсем және Ұшақтар ауылында мектеп және тазарту қондырғысы құрылысының қажеттілігі туралы;

- Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді сатуға және аталған жерлерді шет елдердің азаматтарына жалға беруге тиым салу бойынша Семей қаласындағы жер мәселесі бойынша рұқсат етілмеген митинг қатысушыларының ұсыныстары туралы (125 адам қол қойған наразылық білдірілген хат ұсынылды);

- Азамат жер телімін жалға алып, жалға алу мерзімін ұзарта алмаса, жер телімімен не болатыны туралы;

- ҚР азаматтарымен 10 сотық жерді мемлекеттен ақысыз алу құқығы туралы;

- «Батуа» ЖШС және «Даремет» ЖШС алған жер телімдеріне қатысты жағдай туралы. Айдын Егеубаевтың айтуынша, аталған жерлерде жұмыс істеуге ҚХР азаматтары бақылаусыз тартылуда, сонымен қатар, аталған жерлердің кейбір учаскелері пайдаланбауда.

ШҚО, Жарма ауданы,Шар қ., Қалбатау ауылы

- Шар қаласында  №63 мектептің құрылысы кезінде жұмысшыларға жалақыны төлемеу туралы;

- Жарма ауданында «Қазақ Цемент» ЖШС жұмысшыларына жалақыны төлемеу туралы;

- Мүгедектер үшін дәрі-дәрмектер құнының қымбаттығы туралы;

- Шар қаласының мұқтаж тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы;

- Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді сатуға тиым салу және шет елдердің азаматтарына аталған жерлерді 25 жылға жалға беруді қайта қарастыру;

- Жақын арада мерзімі аяқталатын шаруа қожалықтарына берілген жер телімдерінің жалға беру мерзімін ұзарту туралы;

- 2016 жылы құрылған шаруа қожалықтарына жер телімдерін жалға беру туралы;

- Кәсіпкерлер үшін салық ставкаларының көтерілмеуі туралы.


ШҚО, Аягөз қ.

- Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді  жеке меншікке сатуға тиым салу, соның ішінде ҚР азаматтарына және заңды тұлғаларға

- Барлық шаруа қожалықтарына субсидия беру туралы;

- Экономикалық проблемаларға байланысты, «Жұмыспен қамту 2020»жол картасы бойынша кәсіпкерлерге берілген кредиттерді төлеуді 2 жылға кейінге қалдыру туралы;

- Аягөз қаласында тұрғын үйлерді салу қажеттілігі туралы;

- Қазақ тілін дамыту туралы;

- Шет елдердің азаматтарына 25 жылға жалға берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару кепілі туралы;

- Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында шет елдердің азаматтарымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға беру туралы келісімшарттардың жоқтығы туралы;

- Мемлекеттік тарапынан шет елдердің азаматтарымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға беру туралы келісімшарттарды кім жасайтындығы туралы ақпараттың және жалға беру келісімшарт шарттары ашықтығының жоқтығы;

- Шетелдік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қорытындысы туралы ақпараттың жоқтығы туралы;


ШҚО, Үржар ауданы, Уржар ауылы

- Қиын экономикалық жағдайға байланысты, «Жұмыспен қамту 2020»жол картасы бойынша ауыл кәсіпкерлеріне берілген кредиттерді төлеуді 2 жылға кейінге қалдыру туралы;

- 2013 жылы басталған Уржар ауданы, Таскескен а. колледж ғимаратының күрделі жөндеуін аяқтау туралы.

8.

Өткізілген конференциялар, «дөңгелек үстелдер (қатысты) (іс-шараның тақырыбы, мазмұны мен қатысушылар саны туралы қысқаша жазбаша ақпарат беру керек)

-

9.

Проблемалық мәселелерді шешу бойынша ұсынылатын шаралар

Депутаттық сауалдар жарияланады және Үкіметке және сәйкесінше мемлекеттік органдарға хаттар жолданады.