Сабильянов
Нұртай
Салихұлы

VIII сайланған
Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
Парламент Мәжілісінің депутаттары Шығыс Қазақстан облысының Глуховка және Мұқыр ауылдарына барды

2020 жылғы 17 қаңтар күні Парламент Мәжілісінің депутаттары Н.Сабильянов, А.Курманова және М.Айсина Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, сондай-ақ, «Казақтелеком» АҚ-ның өкілдерімен бірге Шығыс Қазақстан облысының Глуховка және Мұқыр ауылдарына барып, әлеуметтік нысандарды жоғарғы жылдамдықты интернетке қосу бойынша жүргізілген жұмыстармен танысты.

2018 жылдан бастап елімізде мемлекеттік-жекешелік әріптестік нысанында «Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желілерінің технологиясы бойынша кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету» жобасы жүзеге асырылуда.

Жоба бойынша 1250 ауылдық елді мекенді интернет байланысымен қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл 3 718 мемлекеттік органдар және бюджеттік ұйымдарға жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл ұялы байланыс операторларының және олардың арасындағы бәсекелестіктің дамуына серпін береді.

Жалпы, жоба аясында Шығыс Қазақстан облысындағы 402 бюджеттік ұйымдары және мемлекеттік мекемелері бар 111 ауылдық елді мекенді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Алдағы уақытта салынған байланыс инфрақұрылымдары және орнатылған базалық станциялар арқылы жақын жердегі ауылдар қосылып, жоғарғы жылдамдықты интернетке қол жеткізе алады. Бұл бағыттағы жұмыс заң шығармашылық деңгейде де жалғасатын болады.