Сабильянов
Нұртай
Салихұлы

VIII сайланған
Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
2020 ЖЫЛДЫҢ 21-25 ТАМЫЗ АРАЛЫҒЫНДА ДЕПУТАТТЫҢ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ

Кездесу өткізілген елді мекендер саны – 14

Кездесулер саны - 18

2020 жылғы 21-25 тамыз күндері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясының мүшесі Нұртай Сабильянов Шығыс Қазақстан облысының халқымен кездесті.

2020 жылғы 21 тамыз күні депутат Н. Сабильянов Абай ауданының орталығы Қарауыл ауылының тұрғындарымен кездесті. Сайлаушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, мәселелер көтерілді. Кездесу барысында депутат ауылды таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарының барысымен, жаңадан салынып жатқан мектеп және тұрғын үйлер құрылысымен танысып, құрылысшылармен жүздесті.

2020 жылғы 22 тамыз күні Шығыс Қазақстан облысының орталығынан 570 шақырым жерде орналасқан, ең жоғарғы радиациялық қауіпті аймаққа жататын Алғабас, Қайнар, Абыралы ауылдарында халықпен кездесулер өткізді. Депутат халықтың мәселелерін тыңдап, қойған сұрақтарына жауап берді. Халық тарапынан Семей ядролық полигонынан зардап шеккен азаматтарға әлеуметтік, медициналық көмек көрсетуді арттыру, зейнетке шығу жасын төмендету, мал шаруашылығын дамытуға қолдау көрсету, таза ауыз сумен қамтамасыз ету, электр жарығының қуаттылығын арттыру, көмірдің бағасын реттеу, тұрғын үй салу, жол жөндеу, пошта қызметін жақсарту мәселелері көтерілді. Кездесу барысында депутат республикалық маңызы бар Семей - Қайнар автомобиль жолын жөндеу, жаңа көпір салу жұмыстарының барысымен танысты.

2020 жылғы 23 тамыз күні Н.Сабильянов Аягөз қаласындағы ауданаралық ауруханада болып, дәрігерлермен жүздесті. Аталған ауруханада жаңадан ашылған, заман талабына сай медициналық құралдармен жабдықталған ангиографиялық бөлімнің жұмысымен танысты. Кездесу барысында депутат халыққа жоғарғы деңгейде медициналық қызмет көрсетіп жатқан ақ халатты абзал жандарға алғысын білдірді.

2020 жылғы 24 тамыз күні Аягөз ауданының Баршатас, Қосағаш, Бидайық, Көксала ауылдарында сайлаушылармен кездесулер өткізді. Халықтың тарапынан тұрғындарды жоғарғы жылдамдықты Интернетпен қамтамасыз ету, жұмыспен қамту, ауыл шаруашылық техникасын алуға қолдау көрсету, жол жөндеу, мектептерде дәстүрлі оқытуды жалғастыру және басқа да мәселелер көтерілді. Қойылған сұрақтарға депутат жауаптар берді.

Сонымен қатар, депутат Н.Сабильянов Аягөз-Баршатас автомобиль жолын жөндеу барысымен танысты. 2020 жылы аталған жолдың 14 шақырымына орташа жөндеу, кейбір жол учаскелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, депутат Көксала ауылында тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмысымен танысты.

2020 жылғы 25 тамыз күні Үржар ауданының Таскескен, Жоғарғы Егінсу, Ақжар, Үржар, Мақаншы ауылдарында сайлаушылармен кездесулер өткізді.

Таскескен ауылындағы ауруханада медицина қызметкерлерімен және ауыл азаматтарымен кездесіп, мәселелерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Осы ауылдағы Үржар колледжінде колледж қызметкерлерімен жүздесіп, әңгімелесті.

Жоғарғы Егінсу ауылында ақсақалдармен кездесіп, тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету жобасын жүзеге асыру барысымен танысты.

Ақжар ауылында салынып жатқан 20 тұрғын үйдің құрылысымен танысып, құрылысшылармен кездесті.

Үржар және Мақаншы ауылдарының ауруханаларында болып, медицина қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында депутат жоғарғы деңгейде медициналық көмек көрсетіп жақтан Үржар ауданының барлық медицина қызметкерлеріне шексіз алғысын білдірді. Үржар ауылында ақсақалдармен жүздесіп, өзекті мәселелерді талқылады, соның ішінде ауылдарды жоғарғы жылдамдықты Интернетпен қамтамасыз ету, жол жөндеу, халықты тұрғын үй және таза ауыз сумен қамтамасыз ету, жедел жәрдем көліктерін жаңарту мәселелері.