Сабильянов
Нұртай
Салихұлы

VIII сайланған
Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "НҰР ОТАН" ПАРТИЯСЫ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ Н.С.САБИЛЬЯНОВТЫҢ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ 6 ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ 2-СЕССИЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША АҚПАРАТ (01.09.2016 - 30.06.2017)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы

фракциясының мүшесі Н.С.Сабильяновтың

2016 жылғы 01 қыркүйек – 2017 жылғы 30 маусым аралығындағы жұмысы туралы


Қысқаша ақпарат

(6-сайланымның 2 сессиясы)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 6-ші сайланымының 2 сессиясында (25.03.2016 ж.-30.06.2016 ж. аралығында) депутат Н.Сабильянов 8 жұмыс тобының құрамында болды. Депутат 6 заң жобасы бойынша ұсыныстарын берді және жұмыс топтарының отырыстарына қатысты. Депутат Н.Сабильянов заң жобаларына барлығы 57 ұсыныс берді.

2 сессияда депутат Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде өткен 16 Үкіметтік сағатқа, Мәжілістің 38 Жалпы отырысына, Парламент Палаталарының 6 бірлескен отырысына қатысты. Сонымен қатар, 2-ші сессияда депутат 27 дөңгелек үстелдер, конференциялар, комиссиялар және тағы басқа іс-шараларға қатысып, ой-пікірлер, ұсыныстар айтты.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 6-ші сайланымының 2 сессиясында депутат Н.Сабильяновтың атына азаматтар мен заңды тұлғалардан 612 хаттар мен өтініштер келіп түсті. Хаттар мен өтініштер заңда белгіленген мерзімде қарастырылып, хат иелеріне жауап берілді, хатта көрсетілген мәселені қарастыруға Үкіметке, тиісті уәкілетті органдарға хат жолданды.

Депутат Парламент Мәжілісінің 6 - сайланымының 2-сессиясында Шығыс Қазақстан облысының Аягөз, Жарма, Зайсан, Тарбағатай, Үржар аудандарының 49 елді-мекенінде халықпен 57 кездесу өткізді және азаматтарды қабылдады.

Депутат Н.Сабильянов экономикалық реформа және өңірлік даму Комитетінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракция жетекшісінің орынбасары және «Нұр Отан» партиясының парламенттік фракциясының «Индустриялық, энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, шағын және орта бизнесті және іскерлік белсенділікті қолдау» бағыты бойынша бюджет қаражатының және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттың мақсатты және тиімді пайдаланылуын бақылау жөніндегі комиссиясына жетекшілік етеді.

 


Күні

Баяндаушы

Тақырыбы

1.

19.09.2016

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Қуандық Уәлиханұлы БИШІМБАЕВ

«Экономикалық өсім және «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру»

2.

10.10.2016

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

Ерлан Әбілфайызұлы ЫДЫРЫСОВ

«Экономикалық дипломатия - Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыты»

3.

07.11.2016

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі

Тамара Босымбекқызы ДҮЙСЕНОВА

«Жұмыспен қамту - 2020 жол картасының орындалу барысы туралы»

4.

21.11.2016

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Алдабергенұлы БОЗЫМБАЕВ

«Қазақстандағы мұнай-газ саласының дамуы»

5.

28.11.2016

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

Асқар Исабекұлы МЫРЗАХМЕТОВ

«Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың жаңа бағыттары және отандық агробизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру перспективалары туралы»

6.

05.12.2016

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі

Дәурен Аскербекұлы АБАЕВ

«Отандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттігі және даму мәселелері туралы»

7.

16.01.2017

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

Бахыт Тұрлыханұлы СҰЛТАНОВ

«Салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру»

8.

13.02.2017

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы ҚАСЫМОВ

«Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылдың өзекті проблемалары»

9.

20.02.2017

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

Ерлан Кенжеғалиұлы САҒАДИЕВ

«Қазақстан Республикасында Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың барысы туралы»

10.

13.03.2017

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

Қайрат Құдайбергенұлы ӘБДІРАХМАНОВ

«Қазақстан Республикасының 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі мүшелігінің басымдықтары туралы»

11.

27.03.2017

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Тимур Мұратұлы СҮЛЕЙМЕНОВ

«Жаппай кәсіпкерлікті дамыту және іскерлік белсенділікті жақсарту жөніндегі шаралар туралы»

12.

10.04.2017

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Махмұдұлы ҚАСЫМБЕК

«Инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын (көліктік-логистикалық инфрақұрылым) іске асыру барысы туралы»

13.

15.05.2017

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

Қанат Алдабергенұлы БОЗЫМБАЕВ

«Уран өнеркәсібінің дамуы туралы»

14.

29.05.2017

Қазақстан Республикасының Әділет министрі

Марат Бақытжанұлы БЕКЕТАЕВ

«Нотариат және адвокатура институттарын одан әрі дамыту және реформалау»

15.

05.06.2017

Қазақстан Республикасының

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

Бейбіт Бәкірұлы АТАМҚҰЛОВ

«Қазақстан Республикасындағы ғарыш

қызметінің даму барысы туралы»

Үкіметтік сағаттарда депутат Н.Сабильянов сұрақтар қойып, ой-пікірлерін жеткізді.

Депутаттық сауалдар

п/п

Күні

Кімге жолданды

Қысқаша мазмұны

Ескертпе

1.

05.10.2016

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

Ауылдық елді-мекендерді ауыз сумен жабдықтау туралы

2.

15.02.2017

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

Шығыс Қазақстан облысында өртенген үйлер туралы

3.

17.05.2017

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

Жедел медициналық көмек автокөліктерін жаңарту туралы


Депутат Н.Сабильяновтың азаматтарды қабылдауы

«Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының

қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдау

9

Парламент Мәжілісінде және өнірлерде 

азаматтарды қабылдау


47