Сабильянов
Нұртай
Салихұлы

VIII сайланған
Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
15.02. 2017 ж. депутаттық сауалға келген жауап

Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің

депутаты –

«Нұр Отан» партиясы

фракциясының мүшесі

  Н.С. Сабильяновқа

2017 жылғы 15 ақпандағы

№ДС-43

Құрметті Нұртай Салихұлы!

    Сіздің Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласындағы және Үржар ауылындағы өрттің салдарынан зардап шеккен тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету және қазандық салу үшін бюджеттен қаражат бөлуге қатысты сауалыңызды қарап, мынаны хабарлаймын.

    Еліміздің шағын қалаларындағы, қала маңындағы кенттеріндегі және ауылдарындағы көппәтерлі тұрғын үйлерді орталықтандырылған жылумен жабдықтауға қосуға арналған қазандық салу жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру үшін бюджеттен қосымша қаражат бөлу мәселесін қарастыруға қатысты.

    2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджетте шағын қалаларда, қала маңындағы кенттерде және ауылды елді мекендерде көппәтерлі тұрғын үйлерді орталықтандырылған жылумен жабдықтауға қосу үшін қазандықтарды салуға, реконструкциялауға 14,2 млрд. теңге сомасында қаражат көзделген.

    ҚР Бюджеттік кодексіне сәйкес бюджет шығыстарын ұлғайту туралы ұсыныстар тек бюджетті жоспарлау немесе нақтылау процесі шеңберінде ғана қаралады.

Осыған байланысты, Облыс әкімдіктерімен бюджеттік өтінім енгізілген жағдайда және республикалық бюджеттің мүмкіндігін ескере отырып, аталған мәселе тиісті жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру шеңберінде қаралатын болады.

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласының және Үржар ауылының өрт салдарынан зардап шеккен тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі мәселені қарауға қатысты.

Көрсетілген елдімекендер тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету үшін мынадай іс-шаралар жүргізілуде.

Аягөз ауданының әкімдігі қаржылай қаражат жинау үшін «Аягөз Болашақ» қорын құрды, оларға бірінші қажеттілік құралдары сатып алынды. Зардап шеккен көп пәтерлі тұрғын үйді қалпына келтіру үшін шығыстардың сметасын жасады.

Бұдан басқа әрбір пәтерге материалдық көмек көрсету үшін құжаттар жиналуда, жылу жүйесін «Аягөз темір жол су» ЖШС қазандығына қосу мәселесі қаралады. Барлық іс-шаларды аяқтау ағымдағы жылғы 1 маусымға дейін жоспарланған.

Үржар ауылының зардап шеккен тұрғындары үшін Үржар ауданының әкімдігі «Ақ Ниет» қоры құрылып, 20,0 млн. теңге сомасында қаражат жиналды.

Жиналған қаражатқа 10 тұрғын үй сатып алынды және жергілікті әкімдік тұрғын үй қорынан бір тұрғын үй бөлді.

Барлығы Үржар ауылында құрамында 45 адам бар 11 отбасы орналастырылды. Бүгінгі күні құрамында 13 адам бар қалған 4 отбасы баспанамен қамтамасыз етілген себебі олардың өртеніп кеткен үйлері ғана болмаған және олар жалға берілген болатын.

Аталған 4 пәтер иелеріне өтемақы төлеу мәселесін Үржар ауданының әкімдігі белгіленген тәртіппен қарайтын болады.



                                                                                                                                  Б. Сағынтаев