Сатыбалдин
Ерболат
Жалғасбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Ұлытау облысы сияқты шөлейтті аймақтардағы жайылым жерлерді суландыру туралы

2024 жылы 27 наурызда жарияланды

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрі

А. Сапаровқа

Қазақстан Республикасы

Су ресурстары және ирригация министрі

Н. Нұржігітовке

Депутаттық сауал

Құрметті Айдарбек Сейпілұлы!

Құрметті Нұржан Молдиярұлы!

 Депутаттық сауалым Ұлытау облысы сияқты шөлейтті  аймақтардағы жайылым жерлерді суландыру хақында болмақ.

Үкімет  «Жайылымдарды суландыруды субсидиялау" № 4 паспорт бағдарламасы» бойынша су ұңғымаларды бұрғылауға жұмсаған шығындарға субсидия бөле отырып, фермерлердің қыстауларының түбінен су ұңғымасын қазып, күн панелін орнатқанын білеміз. Сонымен бірге бұл жобаға өлексе көрген құзғындай жемқорлардың жабылып, бөлінген қаражаттың жартысын 40 млрд. теңге жемқорлардың жемсауында кеткенінен де хабардармыз.

Оның үстіне бұл жобалардың гидрогеология ғылымының толық анализі бойынша өтпеуін, бұрғыланған су ұңғымаларынан судың «қашуынан», кермек судың шығуынан байқауға болады. Әдеттегідей ғажап жоба, шалажансар менеджметтің құрбаны болды. Ал еліміз бойынша 100 млн. гектар жайылымды суландыру қажет.

Бұл жобаға негізінен еріген қардың суы мен жаңбыр суын жинайтын, ел аузында «котлован» аталып кеткен – су қазаншұңқырларды пайдалану ыңғайлы болар еді.

«Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар» демекші Сарыарқаның жері қатты,  шөлейіт, тақыр болғандықтан малдың жайылымын осылайша суландыру ғана мәселені шешпек. Оның үстіне мұндай қазаншұңқырлар -  жылда жан жалмайтын дала өртін ауыздықтаудың да таптырмас құралы болар еді.

7 жыл бұрын қабылданған «Жайлымдар туралы заңда» мұндай су нысаны - «апандар» деп белгіленген және оны салудың жоспары бекітілмеген. Ал таяуда қабылданған өзгерістерге байланысты мұндай жоспарларды дайындау жергілікті әкімдіктерге берілмекші.

Осыған орай:

7 жыл бойы «Жайылымдар туралы заңда» көрсетілген нормаға сай Ауылшаруашылық министрлігі жайылымдарды суландыру жоспарын бекітпегенін ескере отыра;

 

«AMANAT» партиясы

фракциясының мүшелері

   

Е. Сатыбалдин

А. Әлтай

Е. Әбдиев