Саурықов
Ерболат
Байұзақұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысы өтті

Image title

2024 жылғы 22 сәуірде Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысы өтті, онда орта әскери білім беру жүйесінің даму перспективалары мен проблемалары талқыланды. Комитет отырысы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына орай өткізілді. Комитет төрайымы А.С. Құспан отырысты ашып мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен әскери қауіпсіздігін нығайтуда әскери білім беруді дамытудың маңыздылығын атап өтті. Әскери оқу орындары қызмет өткеру, ақпараттық ресурстарды, телекоммуникациялар жүйелерi мен желiлерiнiң тиiмдi жауынгерлiк жұмысын қамтамасыз ету, қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгiлерiн, оларды жауынгерлiк қолдану тактикасын игеру үшiн жоғары бiлiктi мамандар даярлауға арналған. Сондықтан әскери оқу орындарының басшылығына, профессорлық-оқытушылық құрамға, бөлімше командирлеріне құрметті және сонымен қатар жоғары жауапкершілік жүктелген. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы М.Қ. Олжабаев депутаттарға орта әскери білім беру жүйесі жалпы орта білім беру жүйесінің бірыңғай нормативтік-құқықтық және оқу-әдістемелік алаңында жұмыс істейтінін және оған екі әскери колледж пен үш республикалық «Жас ұлан» мектебі кіретінін айтты. Әскери колледждерде сарбаздардың жауынгерлік машығы, бөлімшелердегі әскери тәртіптің және моральдық-жауынгерлік рухтың жай-күйі оқытылу дәрежесіне байланысты кәсіби сержанттарды даярлау жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің Әскери білім мен ғылымды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес «Жас ұлан» ведомстволық бағынысты мектептерін әскери колледждер етіп кезең-кезеңмен қайта құру бойынша жұмыс жүргізілуде, бұл Қарулы Күштердің кәсіби сержанттармен жасақталуын арттыруға және оларды даярлау мамандықтары мен біліктіліктерінің спектрін едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді. Әскери колледж бастығы Г.А. Төлеушев депутаттарды әскери колледждің инфрақұрылымымен және оқу-материалдық базасымен, сондай-ақ оқитын ұландар мен кадеттердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымен таныстырды. Ағымдағы жылы аталған әскери оқу орнында сержанттардың алғашқы түлегі шығарылады. Мұғалімдер, ұландар және кадеттермен кездесу барысында М.Н. Рожин, Е.С. Бапи және О.Х. Құспеков депутаттар жұмыстағы заң жобалары, әскери-патриоттық тәрбиені дамыту, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі мен әлеуметтік қамсыздандырылуын арттыру жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді. Комитет төрағасы Айгүл Құспан оқу озаттарын марапаттау ретінде олар үшін ҚР Парламенті Мәжілісіне экскурсия ұйымдастыруды ұсынды. Іс-шара соңында депутаттар әскери колледждің инфрақұрылымымен танысып, оқушылармен бірлесіп ағаш көшеттерін отырғызды.