Шаталов
Никита
Сергеевич

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Депутаттық сауал Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.В. Склярға

Депутаттық сауал

Құрметті Роман Васильевич!

«AMANAT» партиясы жылумен жабдықтау жағдайын тұрақты бақылауда ұстайды. Өткен демалыс күндері біз Шахтинск қаласында болдық. Қала тұрғындары бізге шағымдармен жүгінді. Шахтинск тұрғындары аязды күндерде үйдегі температура 15-ке дейін, ал кейбір жағдайларда 12 градусқа дейін төмендегенін айтады. Әкімдік пен ЖЭО басшылығы үйлердің жылыту маусымына дайын болмағаны туралы бірауыздан айтуда. Бірақ қазір ақпан айы, ал қыстың көп бөлігі үйлерде салыстырмалы түрде жылы болды. Бұл ретте температура әлеуметтік нысандарда да төмендеді.

Естеріңізге сала кетейін, осы жазда ЖЭО жөндеүден өткен болатын. Шатырды ауыстырғандай болды, қазандықтарды тиісті күйге келтіруге тырысты. Осы мақсаттарға 1 млрд 300 млн теңге бөлінді. Шамасы, ақша көзделген мақсаттарға кетпеген сияқты.

Алдымен адамдарға дымқыл көмірмен проблема туындағаны туралы айтылды. Бірақ ол жерде көмірдің сапасына қатысты сұрақтар бар, оның фотосуреттерін маған көрсетті: ол сапалы отыннан гөрі сазға ұқсайды. Бұл көмір шығатын ауданда болып жатқан жағдай! Қазір пәтерлердегі температураның күрт төмендеуінің себебін ешкім айта алмады, ал апаттың болуы жоққа шығарылуда.

Сонымен қатар, ЖЭО қызметкерлері датчиктің жанындағы құбырларды дәнекерлеу шамдарымен қыздырып жатқандығы туралы хабарламалар келуде, бұл қалада бәрі жақсы деп есеп беру үшін дейді. Қазандықтар тұрған бөлмеде маған су қатып қалды дейді. Қазандықтардың орауы күйіпкеткен және түсіп қалған. Температура режимі көрсетілген сандарға сәйкес келмейтіні анық.

Сонымен бірге жылу тарифі айтарлықтай өскен. Адамдарда заңды сұрақ бар: егер жылумен жабдықтау параметрлері сақталмаса, неге олар барлық соманы төлеуі керек? Сонымен қатар, қосымша электрожылытқыштар тәулік бойы қосулы, бұл электр энергиясының артық шығынына әкелді. Шахтинск тұрғындары әділ қайта есептеуді талап етеді және оны жасау керек. Мүмкін жергілікті билік қала үшін барлық жауапкершілікті осылай түсінетін шығар.

Шахтинск қаласындағы адамдар осындай жағдайға жеткізілді. Әкімдіктің өзі құрған бастамашыл топ осы уақытқа дейін ЖЭО-да температура туралы ақпарат ала алмады. Енді адамдар Президентке, бізге, депутаттарға жүгінуде, тіпті өз мәселелеріне назар аудару үшін бейбіт жиналысқа өтініш берді! Қарағанды облысының басшылығы қайда қарап отырғаны бөлек сұрақ. Телесюжеттер шықты, қаланың проблемалары туралы бәріне белгілі.

Роман Васильевич, сізден Министр Сәтқалиев бастаған комиссияны Шахтинск қаласына жіберуді және толыққанды тексеру жүргізуді сұраймыз. Біз қаланың жылыту маусымына дайындалғанын, неге сапасыз көмір сатып алынғанын, жөндеуге бөлінген ақша мақсатына сай кеткенін білгіміз келеді.

Осыған ұқсас жұмысты елдегі барлық проблемалы ЖЭО бойынша жүргізу керек. Кентау мен басқа қалаларда да осындай проблемалар бар екені бәріне мәлім. Екібастұзда да апаттан кейін ЖЭО жөндеу кезінде миллиард теңге ұрлап үлгергені туралы соңғы жаңалық ешкімге оптимизмді қоспайды. Біз жағдайды түсінуді және барлық қажетті шараларды қабылдауды талап етеміз.

Құрметпен,

«AMANAT» фракциясының депутаттары

                                                                                                 Н. Шаталов

                                                                                                 А. Қалықов

                                                                                                 Б. Смағұлов

                                                                                                 Ү. Шапақ

                                                                                                 С. Пономарев