Смағұлов
Бауржан
Әміржанұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің Хатшысы

Депутатқа хат
заң жобасының таныстырылымы бойынша

Бүгін Мәжілісте Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильяновтың жетекшілігімен мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасының таныстырылымы өтті.

Заң жобасы Президент Жолдауы мен «Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатымен әзірленген. Комитет төрағасы заң жобасының мақсаты сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыру, сатып алу рәсімдерін оңайлату, реттеу және одан әрі автоматтандыру, мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдардың сатып алу жүйесінің бірыңғай платформасын құру екенін айтты. Бұдан бөлек сатып алу сапасын арттыру үшін қоғамдық бақылау енгізу көзделген.

Заң жобасы бойынша Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл баяндама жасады. Ол бес негізгі шара ұсынылып отырғанын атап өтті. Соның бірі – сатып алу рәсімдерін оңайлату және бюрократиясыздандыру. Сатып алу рәсімдерінің ұзаққа созылып кетуін болдырмау мақсатыменқорытындыларды қайта қарау жөніндегі функция сатып алуды ұйымдастырушыға беріледі. Ұйымдастырушы базасында шағымдарды қарау жөніндегі комиссиялар құрылатын болады. – Мемлекеттік сатып алу саласындағы проблемалардың бірі – рәсімдердің ұзаққа созылуы.

Image title

Бүгінгі таңда конкурсты өткізу мерзімі шамамен екі айды құрайды. Бұл барлық рәсімдік кезеңді алдын-ала талқылауды, алдын-ала рұқсатты, шағымдану мерзімін және тағы басқа мерзімдерді сақтау қажеттілігіне байланысты. Осыған орай жекелеген кезеңдерді қысқартуды ескере отырып, конкурсты өткізу мерзімі 1 айға дейін қысқартылмақ, – Д.Кеңбейіл. Сонымен бірге бір көзден сатып алуды жетілдіру бойынша жұмыстар жалғасады. 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі тауарларды, 500 айлық есептік көрсеткішке дейінгі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді бір көзден сатып алуды жүзеге асыру ұсынылады. Дәурен Кеңбейіл сатып алуға қатысушылардың біліктілігін арттыру үшін сатып алу тиісті беделі бар тауар жеткізушілер арасында ғана жүзеге асырылатынын айтты. – Тауар жеткізушілер туралы ақпарат мәліметтер базасының көмегімен қалыптасады.

Бұл бізге сатып алудың барлық түрі бойынша баға мен сапа критерийлерінің үйлесімі бар тауар жеткізушілерді автоматты түрде таңдауға көшуге мүмкіндік береді, - деді вице-министр.

Сонымен қатар тапсырыс беруші тарапынан әлеуметтік, экономикалық және экологиялық аспектілерді ескере отырып, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға негізделген шарттың орындалуын бақылау, құрылыс секторында және «тұрақты мемлекеттік сатып алу» нысандарында кілт тапсыру шарттарын жасасу мүмкіндігін бақылау үшін қоғамдық мониторинг енгізіледі. Баяндаманы тыңдап болған соң депутаттар сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын ортаға салды. Жиында айтылған ұсыныстар алда жұмыс тобында қаралатын болады. Оған Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Руслан Қожасбаев жетекшілік етеді.