Танашева
Гаухар
Шаймерденқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Астана қаласы әкімдігінің Қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығында және SOS Астана балалар ауылына бару

Бүгін Астана қаласы әкімдігінің Қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығында және SOS Астана балалар ауылында болып қайттым.

Қазіргі уақытта елімізде ресми мәліметтерге сәйкес 116 балалар үйінде 4 мыңнан астам балалар тәрбиеленіп жатыр.

Біздің қоғам әлеуметтік жетімдікті жоюды, балалар үйін жабуды әрдайым айтып келеді.

Басты мақсат - әр баланың отбасында тәрбиеленуі, мейлі ол асырап алған болсын немесе өзінің туған отбасы болсын, бала қамқорлық пен сүйіспеншілікке бөленіп өссе.

Мен қазір 11 бала тәрбиелеп отырмын. Және тағы 10 бала асырап алуға дайынмын.

Қазақта жетімін жылатпаған деген сөз бар.

Жетімдер үйінде 4 мыңнан аса бала тұрып жатыр. Сол балаларды бір бірден сонша отбасы асырап алса, елімізде жетімдер болмас еді.

Бұл мәселе шешілуі мүмкін, ол үшін балаларды асырап алатын адамдарды, яғни халқымызды талпындыруымыз қажет.

Ой-саналарын оятуымыз қажет!

Статистикаға сәйкес, асырап алынған балалардың 64% балалар үйіне қайтарылады екен.

Асырап алу барысында ата-аналармен алдын-ала дайындау жұмыстары жүргізіледі, бірақ балалармен ондай жұмыс керекті деңгейде жасалынбайды.

Балаларды кішкентай кезінен отбасы құндылықтарын үйретіп, танытып, бейімделіп кетуіне барынша жан-жақты дайындау қажет деп санаймын.

Тағы бір мәселе - балалар оқуларын бітірген соң, балалар үйінен шыққаннан кейін баспанасыз қалады.

Ал үй алу үшін үй кезегіне тұруы керек, ол үшін жергілікті мекен жайы бойынша тіркелуі қажет болады.

Баспана болмаса қалай тіркеледі?! Жалпы бұл балалар қайда тұрады? Ары қарай не істейді? Үйді қалай алады?

Мемлекет үйді бұл балаларға тегін бермейді. Ал неге тегін беруді қарастыра алмаймыз?..

Қазіргі уақытта осы мәселелер бойынша депутаттық сауал дайындап жатырмын, жақын арада жолдайтын боламын.

#КХП #НПК #ГаухарТанашева

#ҚазақстанХалықПартиясы

#НароднаяПартияКазахстана


http://https://www.instagram.com/reel/C58ttHOIZdW/?igsh=eXluejZxOTk0d2px