Танашева
Гаухар
Шаймерденқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«Дене шынықтыру және спорт мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы аясында қазіргі өзгерістер және олардың спортты дамытуға әсері» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел

19 ақпан күні «Қазақстан халық партиясы» депутаттық фракциясының ұйымдастыруымен «Дене шынықтыру жəне спорт мəселелері туралы ҚР Заңының жобасы аясында қазіргі өзгерістер жəне олардың спортты дамытуға əсері» тақырыбында менің модераторлығыммен дөңгелек үстел болып өтті.

Шараға ҚР Туризм жəне спорт министрлігінің өкілдері, ҚР Ұлттық Паралимпиада комитетінің, сондай-ақ спорт федерацияларының өкілдері қатысты. Мəжілістегі санитарлық жəне эпидемияға қарсы шектеулерге байланысты қатысушылардың кейбірі онлайн режимде қосылды.

Жиын барысында «ҚР Ұлттық Паралимпиада комитеті» ҚБ Бас хатшысы Акпамбетов О.Ж және «Астана семсерлесу федерациясы» ҚБ президенті Нусипбеков Е.Е сөз сөйледі. Сонымен қатар көптеген мәселелер мен сұрақтар талқыланды.

Дөңгелек үстелде қозғалған мəселелер мен ұсыныстар «Қазақстан халық партиясы» фракциясының депутаттарымен «Дене шынықтыру жəне спорт мəселелері туралы» ҚР Заңының жобасы аясында қарастырылып жатыр.