Тұрлыханов
Дәулет
Болатұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің

Депутатқа хат
"Кирпичный тұрғын алыбындағы салынып жатқан 12 мектептің құрылысын көріп қайттық

Бүгін «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!»бағдарламасының Жол картасы аясында Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, «Кирпичный» тұрғын алабында салынып жатқан № 12 мектептің құрылыс орнына қайта бардық. Естеріңізге салсам, бұған дейін осы құрылыс нысаны өзімнің жеке бақылауымда ұстайтынымды жеткізген едім.

Айта кетейік, 2023 жылдың желтоқсан айында құрылысы аяқталуы тиіс мектепте атқарылатын жұмыстар әлі де жетерлік. Осыған орай жергілікті атқарушы органдармен бірге мәселені тез арада шешу жолдарын талқыладық. Қазіргі таңда жауапты мердігер белгіленген мерзімде міндетін уақытылы орындамауда. Осыған сәйкес компанияның өтініші бойынша жөндеу жұмыстарын аяқтауға биылғы жылдың 1 маусымына дейін мүмкіндік бердік.

--