Тұрлыханов
Дәулет
Болатұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің

Депутатқа хат
Маңызды заң жобасы


«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалар туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша» Қазақстан Республикасының заңының жобасы (бұдан әрі – заң жобасы) Мемлекет басшысының «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында берілген тапсырмасын орындау мақсатында ұсынылды.

Қазақстан Республикасының заңының жобасы Қазақстан Республикасының Сенат депутаттары Жүсіп Нұртөре Байтлесұлы, Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы, Мәжіліс депутаттары Жаңбыршин Еділ Терекбайұлы, Құспан Айгүл Сайфоллақызы, Ізмуханбетов Бақтықожа Салахатдинұлың бастамашылдығымен енгізілді.

Заң жобасы мемлекеттік наградалар жүйесін жетілдіруге бағытталған. 1995 жылғы 12 желтоқсанда қабылданған заң 45 баптан тұрады.

Заң жобасында Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы және Рахымжан Қошқарбаевтың есімдерін «Айбын» орденінің әртүрлі дәрежелеріне беру жөнінде өзгерістер мен толықтыру енгізілді.

«Айбын» ордені үш дәрежеден тұрады. І және II дәрежелі "Айбын" ордендерімен офицерлердің кіші және аға құрамдарындағы адамдар, III дәрежелі орденімен сарбаздар, матростар, сержанттар, старшиналар наградталады.

Ұсынысқа сәйкес:

- Сағадат Нұрмағамбетов атындағы I дәрежелі «Айбын» ордені.

Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлы (1924 жылы 25 мамыр – 24 қыркүйек 2013 жыл) тірі болса биыл 100 жасқа толар еді. Сағадат Қожахметұлы бірінші «Халық Қаһарманы» атағының иегері, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, Қарулы күштердің құрылуы мен қалыптасуында аса маңызды рөл атқарған алғашқы армия генералы.

- Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын» ордені.

Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 жыл - 10 маусым 1982 жыл) Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик. Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. Бауыржан Момышұлы - әскери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға. 1941 жылдың 26 қарашасында маршал Рокоссовский полк командирі етіп тағайындайды. 1941-1945 жылдары Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияның батальон, полк командирі, соғыстың соңғы жылдары аталған дивизияның командирі болады. 1942 жылдың 6 маусымында "Қызыл Жұлдыз" орденімен марапатталады.

- Қошқарбаев Рахымжан атындағы III дәрежелі «Айбын» ордені.

Қошқарбаев Рақымжан (19 қазан 1924 жыл – 10 тамыз 1988 жыл) тірі болса биыл 100 жасқа толар еді. 1945 жылдың 30 сәуірінде жауынгер Григорий Булатовпен бірге Рейхстагқа Кеңес одағының туын тіккен болатын. Ол осы ерлігі арқылы сұрапыл соғысқа нүкте қойды. Қошқарбаев шовинизмінің құрбаны болды.

Тіпті кешеге дейін II Дүниежүзілік соғыстың тарихында  Қызыл туды Рейхстагқа тіккен грузин жауынгері Мелитон Кантария және Егоров деп айтылып келді. Шындығында, Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов Рейхстагқа дейінгі 300 метр қашықтықты 7,5 сағат жүріп өткен. Межеге жеткен кезде ту барынша жоғары желбіресін деп, Григорий Рақымжанды иығына салып көтерген. Бұл оқиғаны тіпті американдық «Нью-Йорк таймс» газеті де жазған. 1945 жылдың 1 мамырдағы санында басылым Гитлер режимінің құлағандығын және Рейхстагқа лейтенант Рақымжан Қошқарбаев пен жауынгер Григорий Булатовтың ту тіккендігін жазған. Тек араға алпыс жылдан астам уақыт салып Қошқарбаевтың ерлігі  мойындалды. Өкініштісі, батырдың көзі тірісінде КСРО тарапынан оған лайықты құрмет көрсетілмеді. Араға он бір жыл салып, 1999 жылы оған Қазақстанның Халық Қаһарманы атағы берілді.

Бүгінгі күні «Айбын» орденімен 913 адам наградталған, оның ішінде 28 – і қызмет бабында қайтыс болған азаматтар.