Тұрлыханов
Дәулет
Болатұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің

Депутатқа хат
Өндіріс тұрғын алыбы бойынша жолданған №Дс-65 13 мамырдағы депутаттық сауалға Үкіметтің жауабы

№ исх: 11-11/1617 дз   от: 12.05.2023

№ вх.1499//11-11/1617дз/ДС-65  от: 12.05.2023

Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің

депутаттарына

(тізім бойынша)

2023 жылғы 13 сәуірдегі

№ ДС-65 сауалға

Құрметті депутаттар!

Өндіріс кентінің теміржол өткеліндегі көлік құралдарының кептелісте тұру қатысты Сіздің сауалыңызды қарап, мынаны хабарлаймын.

Астана қаласын дамытудың бас жоспарына сәйкес, сондай-ақ елордада көлік қозғалысының шиеленісін жеңілдету мақсатында Р. Қошқарбаев, Ұлы Дала даңғылдары мен Ақжол, Ш. Бейсекова көшелерінің бойымен өтетін, жалпы ұзындығы 46 км Кіші айналма жолдың (бұдан әрі – КАЖ) құрылысы жүргізілуде. 2007-2022 жылдар аралығында 30,5 шақырым жол, 13 жол айрығы, көпірлер мен өткелдер салынды.

Жалпы, КАЖ құрылысы Астана қаласының әкімшілік орталығын тәулігіне 90 мыңнан астам автокөліктің транзиттік айналып өтуіне мүмкіндік береді, бұл Тұран, Қабанбай батыр, Мәңгілік Ел, Сарыарқа, Бөгенбай батыр және Республика даңғылдары бойындағы қозғалыс қарқындылығын айтарлықтай төмендетеді.

КАЖ-ның құрылысы жер учаскелері босатылғаннан кейін учаскелерде жүргізілуде.

Бүгінгі таңда Ш. Бейсекова көшесі мен Н. Тілендиев даңғылының қиылысындағы перспективалық көлік айрығы аймағында инженерлік желілерді салу жұмыстары жүргізілуде, Ш. Бейсекова көшесінің бойымен жылу желісінің құрылысы жалғасуда. Көше құрылысы жобалары аясында ауданның даму перспективалары ескеріліп, барлық инженерлік желілердің құрылысы ескерілуде.

Өндіріс тұрғын ауданындағы темір жол өткелдерінде көлік кептелісі мәселесін шешу үшін КАЖ-ның 4-ші учаскесі – Ш. Бейсекова көшесінің Конституция көшесінен Угольная көшесіне дейінгі жалғасын салу қажет.

Осы жоба аясында Угольная және Ш. Бейсекова көшелерінің қиылысындағы жол айрығын, Ш. Бейсекова көшесінің бойындағы темір жол арқылы өтетін жол өткелін, Ақжол көшесінен Конституция көшесіне дейін, Ш. Бейсекова мен Конституция көшелерінің бойындағы жол айрығын салу жоспарлануда.

КАЖ-ның 4 учаскесінің құрылысы Өндіріс тұрғын ауданындағы құрылысқа кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта құрылыс шекарасына жататын жер учаскелерін алып қою жұмыстары жүргізілуде осыған байланысты жобалауға кірісуге мүмкіндік жоқ. Бұл жобаны іске асыру жер учаскесі толық босатылғаннан кейін 2025 жылы жоспарланып отыр.

Осыған байланысты, осы жобаны қаржыландыру мәселесі республикалық бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып, жоспарлы тәртіппен қаралады.

Жалпы, жоғарыда аталған мәселелер Үкіметтің тұрақты бақылауында және оларды шешу бойынша жұмыстар одан әрі жұмыс жалғасатын болады.

Р. Скляр

Орын.: М. Өтешев

тел.: 74-51-64


Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутаттарының тізімі

Д.Б. Тұрлыханов

П.О. Казанцев

Д.Н. Тұрғанов

М.С. Башимов

Н.С. Әуесбаев