Егізбаев
Серік
Рахметоллаұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
Аграрлық мәселелер комитетінің ТАҚЫРЫПТЫҚ ОТЫРЫСЫ

Парламент Мәжілісінің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитеті еліміздің оңтүстік аумақтарында ағымдағы суару маусымына дайындық барысы туралы тақырыптық отырыс өткізді.

Отырысқа Су ресурстары және ирригация, ауыл шаруашылығы министрліктерінің, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда және Түркістан облыстары әкімдіктерінің өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында суаруға қажетті су лимиттері бойынша мәселелер, ауыл шаруашылығы министрлігінің аталған өңірлерде су тапшылығы жағдайында ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жөніндегі ұсынымдары талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша су ресурстары, ауыл шаруашылығы министрліктеріне және облыс әкімдіктеріне барлық вегетациялық кезеңде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді суармалы сумен қамтамасыз етуге бағытталған уақтылы шаралар қабылдау жөнінде тиісті ұсынымдар берілді.