Зейнуллин
Аян
Талғатұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Комитеттің көшпелі отырысы

2024 жылғы 21 ақпан күні «Қатты тұрмыстық қалдықтармен тиімді жұмыс істеу туралы» атты тақырыптық отырысқа дайындық шеңберінде «Қазақстан Ғарыш Сапары «Ұлттық компаниясы» АҚ-да Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің көшпелі отырысы өтті.

Іс-шараға Комитет мүшелері, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Экология және табиғи ресурстар министрліктерінің өкілдері, «Қазақстан Ғарыш Сапары «Ұлттық компаниясы» АҚ басшылығы қатысты.

Көшпелі отырыс шеңберінде депутаттар арнайы әзірленген цифрлық платформалармен танысты, сондай-ақ құрастыру-сынау кешеніне барды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі М.С. Олжабеков Ұлттық ғарыш орталығының жұмысы және республикалық маңызы бар қалалар, облыстық маңызы бар қалалар мен ірі елді мекендер аумағында өндіріс және тұтыну қалдықтарының ғарыштық мониторингінің нәтижелері туралы баяндап берді.