Зейнуллин
Аян
Талғатұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Акваөсіру бойынша дөңгелек үстел

Бүгін Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінде «Акваөсіру туралы» заң жобасы мен оған ілеспе түзетулерді талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті. Оған комитет төрағасы Еділ Жаңбыршин жетекшілік етті.

Еділ Жаңбыршин Үкімет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан еліміздегі балық шаруашылығы айтарлықтай дамымай отырғанын атап өтті. Депутаттың айтуынша, ол үшін ерекше әлеует бар болғанымен, осы саладағы заңнаманы жетілдіру, мемлекеттік қолдаудың қосымша шараларын қамтамасыз ету, өсірілетін балық пен экспорт көлемін арттыру, жеке инвестициялар тарту қажет.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Нариман Жүнісов бүгінде Мемлекет басшысының балық шаруашылығын дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында белсенді жұмыс басталғанын айтты. Субсидиялар мен салық жеңілдіктері арқылы бизнесті қолдау – маңызды фактордың бірі. Сонымен қатар министрлік акваөсіру саласында субсидиялар беруді Бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйеге көшіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жұмыс тобының жетекшісі Сергей Пономарев шешімін талап ететін бірқатар түйткілді мәселені ортаға салды. Бұл, ең алдымен, сапалы мал азығы және білікті кадрлардың жетіспеушілігі. Депутаттың айтуынша, балық өнеркәсібінің даму әлеуеті зор, 2030 жылға қарай балық экспортын 300 мың тоннаға жеткізу міндеті тұр. Жиынға қатысушы өзге де депутаттар ұсыныстарын айтты.

Сөз соңында Еділ Жаңбыршин талқылау барысында көтерілген мәселелер, айтылған ұсыныстар жұмыс тобының отырыстарында жан-жақты талқыланып, «Балық шаруашылығы туралы» жаңа заң жобасында қамтылуға тиіс екенін айтты.