Бөлім Палата депутаттарының, оның тұрақты комитеттерінің, бөлімдер мен басқа да құрылымдық бөлімшелердің қызметін құжаттамамен қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Бөлімнің негізгі функцияларына мыналар кіреді: келіп түсетін заң жобаларының Парламент Мәжілісі Регламенті талаптарына сәйкестігін тіркеу алды тексеруді жүргізу, депутаттық сауалдарға мониторинг жүргізу; Парламент Палаталарының бірлескен отырыстары үшін, Мәжілістің жалпы отырыстары үшін материалдарды көбейту; Парламент, Мәжіліс қабылдайтын барлық актілер бойынша қол қойылған материалдарды ресімдеу; Мәжілістің заңнамалық және өзге де актілерінің мәтіндеріне лингвистикалық сараптаманы жүзеге асыру; қызметтік хат-хабарлар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу, есепке алу және талдау; Парламент Мәжілісінің ғимараттарында рұқсат беру режимінің сақталуы бойынша жұмысты ұйымдастыру.