АЛИШЕВ
Казыбек
Курмангалиевич

Член Комитета по аграрным вопросам Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
2024 жылғы 16 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің биылғы жылғы сессиясындағы алғашқы отырысы өтті.

✔️Отырыста еліміздің өңірлеріне сапар аясында көтерілген маңызды мәселелерді талқылап, алдағы уақытқа жоспар құрдық.

🔹Жоспарға сәйкес, Аграрлық мәселелер комитетінде «Агроөнеркәсіп кешені үшін техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту мәселелері» тақырыбында, әріптесім Аманжол Әлтаймен бірлесе дөңгелек үстел өткізудің өзектілігі пысықталды.

📌Қазіргі таңда өңірлердегі көпсалалы агроөнеркәсіп колледждерінің материалдық және техникалық жағдайлары сын көтермейді. Оқу орнын бітіріп шыққан түлектердің жұмысқа орналасуы да көңіл көншітпейді. Сондықтан, осы тақырыптарда, жауапты Министрліктердің өкілдері, Агроколледж мамандары, сондай-ақ, шаруа қожалықтарының иелері мен сарапшылардың қатысуымен, осы өзекті мәселелерді пысықтап, саланы дамыту мақсатында Үкіметке нақты ұсыныстар енгізу қажеттілігі айқындалатын болады.