АЛИШЕВ
Казыбек
Курмангалиевич

Член Комитета по аграрным вопросам Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
8 қаңтар күні жұмыс сапарымның аясында Ырғыз ауданы, Құмтоғай ауылында болдым.

1213 мың халық тұратын ауылда былтырғы жылы басталған 100 орындық мектептің құрылыс алаңында болып, жүргізіп жатқан жұмыстың барысымен таныстым. Мердігер «Ерзат» ЖШС-ның салынып жатқан мектептің құрылыс жұмыстары бүгінде қарқынды жүріп жатыр.


✔️Сондай-ақ, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясындағы ауданның Жол картасына енгізілген Құмтоғай ауылдық амбулатория ғимаратының күрделі жөндеуден өткен құрылысымен таныстым.

Ондағы ақ халаттылардың жұмыстарымен танысып, бірлесе медицина саласындағы бірқатар мәселелерді талқыладық.


✔️Жыл сайын халық саны көбейіп келе жатқан елді мекенде мектепке баратын бала саны көп. Мұның жайын Құмтоғай ауылының тұрғындарымен кездесу барысында талқыладық. Өз кезегімде өткен жылдан бері атқарылған жұмыстарды да баяндап өттім.

«Былтырғы жылы көптеген заң жобаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қазірдің өзінде мемлекеттік сатып алу заңы қарастырылуда. Енгізілетін бірқатар өзгерістер бойынша да ұсыныстар жолданды. Өйткені, мемлекеттік сатып алу заңы төңірегінде олқылықтар көп. Салдарынан көптеген әлеуметтік маңызы бар нысандар аяқсыз қалып жатыр. Заңдарға енгізіліп жатқан өзгерістер бойынша айта кетейін, биылғы жылдан бастап еліміздің Парламент Мәжілісінде қабылданатын заңдардың барлығы тек мемлекеттік тілде ғана мақұлданатын болатынын» атап өттім.


✔️Бұдан кейін Ырғыз ауылындағы «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы аясында, «Наубайхана және Жылыжай» салған кәсіпкерлермен кездесіп, олардың шығарған өнімдерімен таныстым.

Ырғыз аудандағы қоғам белсенділері, аудандық мәслихаттың депутаттары, ауылшаруашылық саласының өкілдері жиналып ауқымды жиын өтті. Өз кезегімде, ауылшаруашылық саласына қатысты бірқатар мәселелерді баяндадым. Жергілікті тұрғындардың ұсыныс тілектерін назарға алып, сұрақтарына жауап бердім.


✔️Содан кейін, жергілікті тұрғындарға қабылдау жүргіздім. Олардың тарапынан, 1200-ден астам тұрғыны бар Құмтоғай ауылының көгілдір отыны газ тарту, Ырғыз ауданы бойынша «Орталық-Батыс дәлізі» (Астана-Торғай-Ырғыз) тас жолын салу мәселелері қойылды.