АЛИШЕВ
Казыбек
Курмангалиевич

Член Комитета по аграрным вопросам Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
2024 жылғы 9 қаңтарда Шалқар ауданына жұмыс сапарымның аясында, Бегімбет ауылында болып, тұрғындармен кездестім.

✔️Одан кейін, Шалқар аграрлық-техникалық колледжінің ұжымымен және колледж студенттерімен кездестім. Колледждің директоры Жадыра Жұқатаеваның айтуынша, қазіргі таңда оқу орынында 8 мамандық бойынша кадр дайындалады. Колледж түлектеріне сұраныс жоғары, әсіресе темір жол саласына жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі көп.
Кездесу барысында колледждің 3 курс студенті Айзат Бекболатова жастарға арналған, оның ішінде өз кәсібін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге берілетін қайтарымсыз гранттар саны көбейтілсе деген ұсынысын білдірді. Жиынға жиналған студенттерге қазіргі таңдағы барлық сала бойынша жастарға арналған қайтарымсыз гранттарға тоқталып, сонымен қатар өз кәсібін кеңейту үшін «Ауыл Аманаты» жобасының маңыздылығын атап өттім.

✔️Одан кейін, Шалқар қаласындағы қарияларға арналған белсенді өмір сүру орталығында болып, аудандағы әр түрлі салада қызмет жасаған зейнеткерлермен кездестім. Кездесу барысында Қуанышбай ақсақал ағымдағы жылы бастау алған Шалқар – Ақтөбе автомобиль жолының құрылысын жақын уақытта аяқтап, пайдалануға берілуіне ықпал жасауды сұрады.

✔️Кездесуден соң, «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы ғимаратында жергілікті тұрғындарды қабылдадым. Қабылдауында болған тұрғындар халық саны 1000 адамға жетпейтін ауылдарда медициналық пунктер мен ауылдық клубтар салынуын, автокөліктердің салығына өзгеріс енгізуді, жаңадан салынып жатырған Шалқар – Бозой – Бейнеу автомобиль жолында 40-50 тонналық ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеуді жасау мәселелері айтып өтті. Өз кезегімде көтерілген мәселелерді шешімін табуға ықпал ететінімді атап өттім.

✔️Одан кейін, аудандық мәслихат депутаттарының қатысуымен ауқымды жиын өтті. Жиында ауылшаруашылық саласына қатысты бірқатар мәселелерді баяндап өттім.