АЛИШЕВ
Казыбек
Курмангалиевич

Член Комитета по аграрным вопросам Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
2024 жылғы 11 қаңтарда Алға ауданында болдым

📍Алдымен, 2000 мың халық тұратын Тамды ауылдық округіндегі жергілікті мəдениет үйінде тұрғындармен кездесу болды. Жиында өткен жылы атқарылған жұмыстар барысын баяндап өттім.

«Былтырғы жылы көптеген заң жобаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қазірдің өзінде мемлекеттік сатып алу заңы қарастырылуда. Енгізілетін бірқатар өзгерістер бойынша да ұсыныстар жолданды. Өйткені, мемлекеттік сатып алу заңы төңірегінде олқылықтар көп. Салдарынан көптеген әлеуметтік маңызы бар нысандар аяқсыз қалып жатыр. Заңдарға енгізіліп жатқан өзгерістер бойынша айта кетейін, биылғы жылдан бастап еліміздің Парламент Мәжілісінде қабылданатын заңдардың барлығы тек мемлекеттік тілде ғана мақұлданатын болатынын» атап өттім. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарының жер мəселері бойынша барлық сұрақтарына жауап бердім.

📍Бұдан кейін Тамды ауылындағы «Ауыл аманаты» жобасының қатысушыларымен кездесіп, олардың шығарған өнімдерімен таныстым. Мысалы, Ибраева Мақпал бағдармала бойынша құс шаруашылығына 7 млн. тг несие алған. Бүгінде оның өнімдері ауыл тұрғындарының сұранысына ие. Əлиев Амантай жұбайымен 6,4 млн.тг дəмхана ашып, алдағы уақытта кəсіптерін кеңейтуді жоспарлап отыр.

📍«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясындағы Жол картасына енгізілген аудандық ауруханасының жөндеу жұмыстарымен сонымен қатар, өткен жылы күрделі жөндеуден өткен перзентхана бөлімімен танысып, бірқатар мәселелерді талқыладым.

📍Содан кейін, Алға аудандық мәдениет үйінде қоғам белсенділері, аудандық мәслихаттың депутаттары, ауылшаруашылық саласының өкілдері жиналып ауқымды кездесу өтті. Өз кезегімде, ауылшаруашылық саласына қатысты бір қатар мәселелерді баяндап шықтым. Жергілікті тұрғындардың ұсыныс тілектерін назарға алып, сұрақтарына жауап бердім.