АМАНТАЙ
Жаркынбек

Член Комитета по законодательству и судебно-правовой реформе Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Депутатский запрос "Оқушы балалардың насыбай тартуларына тыйым салу туралы" и ответ МВД РК

депутат


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарына
(тізім бойынша)

2024 жылғы 14 наурыздағы
шығыс № ДС-108 депутаттық сауалға

Құрметті депутаттар!

Мемлекет басшысы «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» ұлттық құрылтайының үшінші отырысында
шегілмейтін темекі өнімдерін (насыбай, снюс және т.б.) заңсыз сату фактілері бойынша қажетті алдын
алу шараларын қабылдауды тапсырды.
Қолданыстағы заңнамамен (Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің
110-бабының 9-тармағы) шегілмейтін темекі өнімдерін әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым
салынған.
Көрсетілген фактілерді анықтау мақсатында Министрлік ел аумағында ағымдағы жылғы 18-31 наурыз
аралығында тиісті жедел-профилактикалық іс-шара өткізді.
Шегілмейтін өнімдерді сату мен таратудың 1,6 мыңнан астам фактісі анықталды және оның 3 тоннасы
тәркіленді.
Сондай-ақ 21 жасқа толмаған адамдарға темекі өнімдерін сатқаны үшін 186 адам әкімшілік
жауапкершілікке тартылды (ӘҚБтК 423-1-бабы).
Өткен жылы аталған іс-әрекет үшін 550-ден астам адам тартылды.
Сатуға тыйым салынған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен шектелген тауарларды немесе
өзге де заттарды, оның ішінде насыбайды заңсыз сатқаны үшін 900-ден астам адам жауапқа тартылды.
Бұдан бөлек 2023 жылы ІІМ есірткі транзитін анықтау және жолын кесу, құрамында есірткі бар
өсімдіктердің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың егістіктерін жою, ұйымдасқан қылмыстық
топтарды жою бойынша жедел- профилактикалық іс-шаралар жүргізді
(«Қарасора» ЖПІШ 2023 жылғы 1 маусымнан 31 қазанға дейін, «Дәрмек» ЖПІШ 2 кезең
(2023 жылғы
24-28 шілде мен 13-17 қараша аралығында).
Прекурсорлар мен медициналық препараттарды пайдаланатын 1,5 мыңнан астам кәсіпорындар мен
ұйымдар, оның ішінде 900-ге жуық дәріхана, 100 қойма, 320 емдеу-профилактикалық мекеме
және 180 өнеркәсіптік кәсіпорын тексерілді.
Әкімшілік жауапкершілікке 441 адам тартылды, оның ішінде 120 медицина қызметкері.
Операция кезеңінде 60 мыңнан астам таблетка мен 88 мың есірткі ампула, 35 мың таблетка, 46 мың
ампула психотроптық зат тәркіленді.
Лицензиялау нормаларын және оларды сақтау объектілеріне қойылатын техникалық нығайту талаптарын
бұзғаны үшін шамамен 6,4 мың тонна прекурсорлар мен 459 тонна улы заттардың айналымы
шектелген (ӘҚБтК 427-бабы, ӘҚБтК 464-бабы).
4 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі жойылды, оларға қатысты
8 қылмыстық іс қозғалды. 4 көшбасшы мен 36 қатысушы қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Заңсыз айналымнан 30 тонна түрлі есірткі тәркіленді, оның ішінде: шамамен 5,1 тонна марихуана, 214
кг гашиш, 99 кг синтетика және 62 кг астам героин.
Сонымен қатар аталған кезеңде полиция органдары денсаулық сақтау және білім беру органдарымен
бірлесіп мектептер мен жоғары оқу орындарында 10 мыңнан астам профилактикалық іс-шара өткізді.
Анықтама ретінде: 800 акция, 569 семинар, 6017 дәріс және 1074 кездесу,
428 дөңгелек үстел, 412 конкурс, 678 спорттық жарыстар мен турнирлер, 689 өзге де іс-шаралар.
Нашақорлықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар орталық бұқаралық ақпараттар құралдарында және
әлеуметтік желілердегі ведомстволық аккаунттарда кеңінен жариялануда (Facebook - 3058 және
Instagram - 5207-де 8 мың жарияланым орналастырылған).
Бұдан басқа Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында Парламент депутаттары «Қазақстан
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірледі, онда шегілмейтін темекі өнімдерін, электрондық
тұтыну жүйелерін (вейптерді), олар үшін хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды өткізгені үшін
қылмыстық жауапкершілік енгізіледі».
Қазіргі уақытта бұл Заң жобасы Парламент Сенатының депутаттарымен мақұлданып, Қазақстан
Республикасы Президентіне қол қоюға енгізілді.


Құрметпен,

Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Е. Саденов


орын: Е. Жақсылықов тел: 72-22-68
er.zhaksylykov@mvd.gov.kz

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрдің

орынбасары

Т.Б. Дүйсеноваға


Қазақстан Республикасның

Ішкі істер министрі

2024 жылғы 13 наурызда жарияланды  ДС-108                                    Е.С.Саденовқа



ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ


ҚұрметтіТамара Босымбекқызы!


Құрметті ЕржанСапарбекұлы!



Бұл депутаттық сауалда көтерілетін мәселе емес еді. Алайда 4-5 сынып оқушыларының еш кедергісіз насыбай атып жүргенін көріп, еріксіз дабыл қағуға мәжбүрміз.

Заңда шектеу қойылғанына қарамастан, бұл зиянды зат сауда орындарында, базарлар мен дүкендерде бала деп, жас деп қарамай, еркін сатылуда. Бағасы да қолжетімді, ал зияны шаш етектен. Оның үстіне, бүгінде формасын өзгертіп, кәдімгі қалташадағы шай секілді қораптап, шақшалап, түрлендіріп ұсынуда. «Жевательный табак», «Снюс», «Шайба» деген атаулармен таралуда.

Насыбай – не мәдениетке, не әдепке, не гигиенаға сай келмейтін жиіркенішті қалдықтардан жасалатын зат. Өкінішке қарай, бұрын оны тек үлкен адамдар ататын болса, қазіргі кезде мұнымен балғын жастар, тіпті болашақ ана болар қыздар да әуестенетін болған. Олардың саны жыл сайын артуда. 

Бұған қоса, ел үміт күтіп отырған спортшы жастар арасында да бұл кері әдеттің қалыпты жағдайға айналғанын қалай түсінуге болады?!

Кейбір деректер бойынша, халықтың 10 пайыздан астамы насыбайды қолданады екен.

Ең қауіптісі – оның құрамында қандай улы заттардың бар екенінің белгісіз болуы.

Әдетте, оның құрамында химиялық заттар, әк, сексеуіл, арша, тобылғы ағаштарының күлі болады. Уытын арттыру үшін тауықтың саңғыры, түйенің тезегі де қосылады екен. Насыбайды мұқият зерттеген мамандар бұдан бөлек, оған есірткі мен психотропты заттардың да қосылғанын анықтаған. Бұлардың тұтынған адамды тез тәуелділікке ұшырататыны сөзсіз.

Швед ғалымдары да бұған зерттеу жүргізіп, насыбайдың құрамынан хром, никель, кадмий, қорғасын, күшәла секілді химиялық заттарды тапқан. Бұлардың барлығы да қалыпты мөлшерден әлдеқайда артық болған.

Еліміздің дәрігерлері насыбай атудың адамды тәуелділікке ұшыратумен қатар, түрлі ауруларға да душар ететінін айтады. Тіпті ол қатерлі ісікке, ұрпақсыздыққа апаратыны ғылыми дәлелденген.

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты мамандарының айтуынша, насыбай тұтыну ауыз қуысының қатерлі ісігінің дамуына әкеледі екен. Олар соңғы кездері насыбайдың салдарынан қатерлі ісікке шалдыққандар арасында жастардың көбейіп кеткенін жеткізді.

Сондықтан елді улап отырған бұл қатерлі дертті ауыздықтап, оның таралуына мүлдем тосқауыл қою қажет.

Атап өткеніміздей, елімізде насыбайға заң жүзінде шектеу қойылғанымен, орындалуында осалдық танытып отырмыз.

Мәселен, насыбай саудасымен ұсталғандарға әуелі ескерту жасалып, кейіннен небәрі 5 айлық есепті көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл салынады екен. Ал шағын және орта кәсіпкерлерге салынатын айыппұл мөлшері – 20 айлық есептік көрсеткіш қана. Саудагерлер мұны шыбын шаққан құрлы көрмей отыр.

Сондықтан ұлт денсаулығына нұқсан келтіретін, ұрпағымызды улайтын, қазаққа жат әдеттен арылуымыз керек. Арнайы органдар сауда орындарына қатысты шешім шығарып, жас ұрпақты улап отырғандарға қатысты кешенді шара қабылдауы тиіс.

Кезінде жат елдің «носовой» деген сөзінен «насыбайға» айналып, қолданысқа енген бұл зиянды әдет туралы бабаларымыз былай деген екен:


«Жігіттер, атпаңыздар насыбайды,

Нас атсаң лас боларсың басыбайлы».

Ендеше, бесіктен белі шықпаған жас буынды лас әдеттен қорғайық!



        Құрметпен,

       «AMANAT» фракциясының

        депутаттары                                                                                           Жарқынбек  Амантайұлы


                                                                                                                          Жұлдыз Сүлейменова


                                                                                                                          Ерболат Сатыбалдин


                                                                                                                          Данабек Исабеков


                                                                                                                         Үнзила Шапақ

                

             «Respublica»партиясы

            фракциясының депутаты                                                                 Нұргүл Тау

               


           «Ақ жол» Қазақстан

           Демократиялық

          партиясы фракциясының  

           депутаты                                                                                            Ержан Бейсенбаев



          Қазақстан Халық партиясы

         фракциясының депутаты                                                               Ирина Смирнова














Оқушылар мектепте насыбай атып жүр

https://kaz.zakon.kz/kogam-tynysy/6039719-deputat-oushylar-mektepte-nasybay-atyp-zhr.html


Школьники беспрепятственно употребляют насвай — депутат Мажилиса

https://www.inform.kz/ru/shkolniki-besprepyatstvenno-upotreblyayut-nasvay-deputat-mazhilisa-e05660


Мектеп оқушылары еш кедергісіз насыбай атып жүр – депутат

https://kaz.inform.kz/news/mektep-okushilari-esh-kedergsz-nasibay-atip-zhur-deputat-bfc35d/


Мажилисмен просит запретить продажу насвая в Казахстане

https://total.kz/ru/news/vnutrennyaya_politika/mazhilismen_prosit_zapretit_prodazhu_nasvaya_v_kazahstane_date_2024_03_13_15_27_15


Закидываются дети и спортсмены: бороться с торговцами насвая призывают в Казахстане

https://liter.kz/zakidyvaiutsia-deti-i-sportsmeny-prodazhu-nasvaia-mogut-zapretit-v-kazakhstane-1710323128/


4-5-сынып оқушылары кедергісіз насыбай атып жүр - депутат дабыл қақты

https://azattyq-ruhy.kz/society/67345-4-5-synyp-okushylary-kedergisiz-nasybai-atyp-zhur-deputat-dabyl-kakty


«Ведет к раку и бесплодию»: активно бороться с продажей насвая в Казахстане предлагает депутат

https://rus.azattyq-ruhy.kz/society/61785-vedet-k-raku-i-besplodiiu-aktivno-borotsia-s-prodazhei-nasvaia-v-kazakhstane-predlagaet-deputat


4-5 сынып оқушылары еш кедергісіз насыбай атып жүргенін көріп, еріксіз дабыл қағуға мәжбүрміз – Жарқынбек Амантайұлы

https://turkystan.kz/article/240831-4-5-synyp-o-ushylary-esh-kedergisiz-nasybay-atyp-zh-rgenin-k-rip-eriksiz-dabyl-a-u-a-m-zhb-rmiz-zhar-ynbek-amantay-ly


4-5-сынып оқушылары кедергісіз насыбай атып жүр — депутат дабыл қақты

https://matritca.kz/4-5-synyp-oqushylary-kedergisiz-nasybai-atyp-jur-deputat-dabyl-qaqty/


«Қыздар да әуестенетін болған». Депутат балалардың насыбай атып жүргеніне алаңдаулы

https://halyq-uni.kz/kozkaras/32794-kyzdar-da-uestenetin-bolgan-deputat-balalardyn-nasybai-atyp-zhurgenine-alandauly/


Болашақ ана болар қыздар да насыбайға әуес – Мәжіліс депутаты

https://ernur.kz/kazakstan/bolashak-ana-bolar-kyzdar-da-nasybaigha-aues-mazhilis-deputaty