МАГЕРРАМОВ
Магеррам
Мамедович

Секретарь Комитета по законодательству и судебно-правовой реформе Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Статья из местной газеты Талдыкоргана о ходе встреч депутата Магеррамова М.М. с избирателями

Өткен аптада жерлесіміз Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты Магеррам Магеррамов ауданға келді.

Қазақстан Республикасының Парламент мәжілісінің депутатымен бірге «Халық» партиясы Алматы облысы филиалының бірінші хатшысы Сәуле Бигарова арнайы ат басын бұрды. Ондағы мақсат – жақында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» сессиясында қабылданған Мәңгілік Ел патриоттық актісін насихаттау, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» манифесіндегі ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның елеулі рөлін халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Жұмыс сапарымен келген халық қалаулысы ең алдымен Ақшатоғандағы №5 мектепте ұстаздармен, ауыл тұрғындары және жастармен кездесті. Халық пен билік арасына шынымен дәнекер бола білген Парламент Мәжілісінің депутаты Магеррам Магеррамов таяуда ғана бекітілген Мәңгілік Ел патриоттық актісі бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып өмір сүріп жатқан еліміздегі 130 ұлтты жарқын болашаққа бастайтын бағдаршам екенін атап өтті. Сонымен қатар Парламент Мәжілісінің депутаты Мәңгілік Ел патриоттық актісі Қазақстанның әлемдік саяси картада тәуелсіз, гүлденген мемлекет ретінде мәңгі өмір сүру идеясы, еліміздің тұрақты дамуын, сондай-ақ әр азаматтың жақсы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қажет құндылықтар жарататынына сенім білдірді.

Аталмыш жиын Темірғали Исабаев атындағы орта мектепте жалғасын тапты. Маңызды кездесуге ауданның этно-мәдени орталықтары мен этнос өкілдері, ауыл тұрғындары, ата-аналар және жастар жиналды. Шарада Ұлт көшбасшының ұлы идеясын негіз еткен кездесудің мақсаты түсіндірілді. Жаңаша түс алған туған ауылының бейнесіне дән ризашылық білдірген Парламент Мәжілісінің депутаты Елбасының салихалы саясатының нәтижесінде еліміздегі барлық өңірдің дамуы қарқынды жүріліп жатқандығын жеткізді. Айтулы шарада мектеп ұстаздары мен оқушылары дайындаған Елбасының Мәңгілік Ел идеясын өзек еткен баяндама оқылып, патриоттық әндер айтылды. Бұдан кейін Елордадан келген халық қалаулысы мектептегі балабақшаға ат басын бұрып, сүйкімді балалардың күнделікті тұрмыс-тіршілігімен танысты. Туған ауылына арнайы келіп, ауданның тынысымен танысқан мәжіліс депутаты ауданда атқарылған шаруаларға оң бағасын берді.

Алаш ТҰРСЫНӘЛІ