Сабильянов
Нұртай
Салихұлы

Председатель Комитета по экономической реформе и региональному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
О необходимости обновления парка автомашин скорой медицинской помощи в регионах

2017 ж. 17.05. жарияланды 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа


Депутаттық сауал


Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!


Біздің депутаттық сауалымыз өңірлердегі жедел медициналық көмек автокөліктерін жаңарту мәселесіне байланысты болып отыр. Бұл мәселе сайлаушылар тарапынан жиі көтерілуде.

Жалпы, жедел жәрдем автокөліктері облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің қаражатына сатып алынады. Алайда, жергілікті бюджеттерде қаражаттың жеткіліксіз болуына байланысты мұндай автокөліктерді сатып алу баяу қарқынмен жүргізілуде.

Қазіргі уақытта өңірлерде 2 124 жедел медициналық көмек автокөліктері пайдаланылуда. Олардың ішінде – 771 автокөлік немесе 36%-ы ескі, соның ішінде 2000 жылға дейін шығарылған жедел жәрдем автокөліктерінің саны – 26, ал 2000-2010 жылдары шығарылған автокөліктер – 745 екен.

Мысалы, Қостанай облысында – 59%, Ақмола облысында – 56%, Жамбыл облысында – 54%, Маңғыстау облысында – 46%, Ақтөбе облысында – 37% ескі автокөліктер пайдалануда. Өзге өңірлерде де көптеген ескі жедел медициналық көмек автокөліктері пайдалануда.

Бұл мәселе әсіресе денсаулығына қауіп төнген кезде шұғыл медициналық көмек алуды, тез және бөгетсіз тасымалдауды қажет ететін алыстағы елді мекендердің тұрғындарына қиындық туғызады.

Сонымен қатар тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне кіретін  жедел медициналық көмекті азаматтарға сапалы көрсету жақсы жабдықталған жедел жәрдем автокөліктеріне де байланысты.

Осыған орай, Сізден тиісті медициналық құралдармен жабдықталған, жаңа жедел медициналық көмек автокөліктерін сатып алу үшін облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы трансферттер түрінде қосымша бюджет қаражатын бөлу мәселесін қарастыруды сұраймыз.

Осы депутаттық сауалға «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабына сәйкес жазбаша түрде белгіленген мерзімде жауап беруді сұраймыз.

Қосымша: 1  парақ.




                               Депутаттар,

                    «Нұр Отан» партиясы

                    фракциясының мүшелері                                                                                                Н.Сабильянов


                                                                                                                                                                  О.Оксикбаев




746174