Сабильянов
Нұртай
Салихұлы

Председатель Комитета по экономической реформе и региональному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
О предоставлении помощи для решения проблем жильцов сгоревших домов в г.Аягоз Аягозского района и в с.Урджар Урджарского района Восточно-Казахстанской области

2017 ж. 15.02. жарияланды                                                                                                      Қазақстан Республикасының

                                                                              Премьер-Министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа


Депутаттық сауал

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Ағымдағы жылдың 5 ақпанында Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында 10 пәтерлік тұрғын үй өртенді. 7 ақпанда Үржар ауылында 16 пәтерлік тұрғын үй өртеніп кетті. Өрттің шығу себебін өкілетті органдар анықтауда. Осы өрттің салдарынан 67 адам баспанасыз қалды, көптеген тұрғындардың құжаттары жанып кетті.

Аягөз қаласында және Үржар ауылында осы өртенген үйлердің тұрғындарымен барып кездестім, хал-жағдайларын білдім, мұң-мұқтаждарын тыңдадым. Осы аудандардың әкімдері, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалдарының жетекшілері де кездесулерге қатысты. Ең басты айтылған мәселе пәтерлері өртеніп кеткен тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету болды. Бірақ, бұған жергілікті бюджетте қаражат қарастырылмаған.

Қазіргі кезде екі ауданның тұрғындары, ұйымдар, кәсіпкерлік субъектілері үйсіз қалған азаматтарға қайырылымдылық көмектерін көрсетуде, жергілікті атқарушы органдар тарапынан да қолдаулар көрсетілуде.

Бұл көппәтерлі өртенген тұрғын үйлер орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылмаған, әр пәтер жеке пешпен жылытылған екен.

Қазақстанның басқа да елді-мекендерінде көппәтерлі тұрғын үйлердің жылу жүйесіне қосылмауы, олардағы пәтерлердің жеке пешпен жылытылатыны көптеп кездеседі. Өйткені, тиісті қаражат ондай жұмыстарды істеуге көзделмейді.

Осы айтылғандарға байланысты, Сізден:

1. Еліміздің шағын қалаларындағы, кенттеріндегі, ауылдарындағы көппәтерлі тұрғын үйлерді орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу және қазандық салу үшін іс-шараларды жүзеге асыру, бюджеттен қосымша қаражат бөлу мәселесін қарастыруды сұраймын;

2. Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында және Үржар ауылында үйлері өртенген тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету үшін көмек көрсету мәселесін қарастыруды сұраймын.

Осы депутаттық сауалға жауапты белгіленген тәртіпке сәйкес жазбаша түрде беруді сұраймыз.


                                     Құрметпен,

                   депутат, «Нұр Отан» партиясы

                           фракциясының мүшесі                                                                                                         Н. Сабильянов


74-61-74