Сабильянов
Нұртай
Салихұлы

Председатель Комитета по экономической реформе и региональному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Депутатский запрос

09.01.2018 ж. жарияланды

Қазақстан Республикасының

Ақпарат және коммуникациялар министрі

Д.Абаевқа

Депутаттық сауал

Құрметті Дәурен Әскербекұлы!

Менің Депутаттық сауалым, 1 қаңтар күні Қарағанды қаласында адам қазасымен аяқталған оқиғаға байланысты болып отыр.

Алдымен өзімнің және депутат әріптестерімнің атынан марқұм Жансейіт Рахымжанның барлық жақындары мен туған-туысқандарының ауыр қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.

Қазіргі таңда құқық қорғау органдары осы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғап, жан-жақты тергеу жұмыстарын жүргізіп, кінәліларды анықтау үшін тиісті шаралар қолдануда.

Осы қылмыстық іске қатысы бар адамдар әділ жазасын алады деп сенеміз. Заң алдында жұрттың бәрі тең.      

Дегенмен, бұл оқиғаға байланысты кейбір ақпарат құралдарында түрлі мәліметтер айтылуда.

Біздің басты мақсатымыз бұл -  саяси тұрақтылық пен  қоғамдық татулықты сақтай отырып, экономикалық дамуды жалғастырып, біртұтас мемлекетіміз – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін тұғырлы, баянды ету.

Осыған орай, құрметті Дәурен Әскербекұлы, Сізден бұқаралық ақпарат құралдарындағы аталған оқиғаға қатысты материалдардың объективті, тексерілген және нақты болуын қамтамасыз етуіңізді сұраймыз.

Депутаттық сауалға жауапты «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес беруді сұраймыз.

Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісі

депутаттарының

атынан

Н.Сабильянов