Сабильянов
Нұртай
Салихұлы

Председатель Комитета по экономической реформе и региональному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Ұлттық Құрылтай аясында Премьер-Министрдің орынбасары Т.Б.Дүйсенованың жетекшілігімен әлеуметтік-экономикалық және аймақтық даму секциясының отырысы өтті.


Ұлттық Құрылтай аясында Премьер-Министрдің орынбасары Т.Б.Дүйсенованың жетекшілігімен әлеуметтік-экономикалық және аймақтық даму секциясының отырысы өтті.

Көптеген мәселелелер көтеріліп,ұсыныстар айтылды.

Менің тарапымнан экономиканы дамытуға байланысты бірқатар ұсыныстар берілді.

Экономиканы дамытуда өндіріспен айналысатын кәсіпорындарды,кәсіпкерлік субьектілерін жеңілдетілген несиемен қамтамасыз ету маңызды роль атқарады.

Қазіргі кезде банктер кәсіпкерлік субъектілеріне жылдық 18-20 пайызбен кәсіпкерлік несие береді. Оны алу қиындығы,кепіл мәселесі тағы бар.

Бұл жағдай кәсіпорындарға өндірісті дамытуға,жаңа жұмыс орындарын ашуға, бәсекеге қабілетті өнім шығаруға қиындық жасайды.

Жалпы банктер экономиканы қаржыландырудың орнына тұтынушылық несиені беруге әуестеніп алған. Мысалы 1.01.24 жылғы ақпаратқа сәйкес банктер 10,3 трлн тенге тұтынушылық несие берген. Ал шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне 7,8 трлн.тенге несие берілген.

Сонымен қатар банктердің шағын және орта бизнес субъектілеріне берілетін несиесінің пайызын төмен түсіру(21% дан 8% -ға дейін) үшін Даму қоры арқылы қолдау көрсетеді. 2023 жылы бұған республикалық бюджеттен 290 млрд.тенге жұмсалған. Банктер мемлекеттен қолдау көріп отырса ешқашанда беретін несиесінің пайызын төмен түсіруге мүдделі болмайды. Банктерді бюджет қаражаты есебінен қолдауды тоқтату керек.

Сондықтан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне арналған жеңілдетілген несие жүйесін құру керек.

Кезінде банктерді қолдауға бюджеттен бөлінген қаражатты қайтару қажет.

Қазақстан Даму банкі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне де жеңілдетілген несиені беру керек.

Кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға арналған мемлекет қаражатының ашықтығын,тиімділігін қамтамасыз ету маңызды.

Сонымен қатар,менің тарапымнан Семей ядролық полигонынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қолдауды жетілдіру мәселесі де көтеріліп,ұсыныстар берілді.