Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
25.06.2015

ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУ


ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУ

 

Астана. 25-маусым, Мәжіліс үйі. Ертең, яғни, 26-маусымда, 11:00 сағатта  Парламент Мәжілісіндегі «Нұр Отан» ХДП Фракциясы жанындағы Өңірлік саясат және маслихаттармен жұмыс жасау жөніндегі кеңесінің «Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту туралы Тұжырымдамасының және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Респубикасының Заңының шеңберінде жергілікті өзін-өзі басқарудың әрі қарай дамуы туралы» тақырыбында отырысы өтеді (3-қабат, А-309 каб.).

Оған Парламент Мәжілісінің депутаттары,  Ұлттық экономика вице-министрі А. Қайырбек, облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, ауылдық округтер әкімдері, «Нұр Отан» партиясы  аудандық филиалдарының басшылары қатысады.

 

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 


Любое использование материалов допускается при наличии ссылки на официальный сайт Мажилиса Парламента Республики Казахстан.