МӘЖІЛІС СПИКЕРІ САНКТ-ПЕТЕРБОРДА БІРҚАТАР ЕКІЖАҚТЫ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ
Астана, 20 мамыр, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Спикері Б. Ізмұхамбетов Санкт-Петерборда ТМД ПАА шаралары аясында Тәжікстаннан, Қырғызстаннан, Әзербайжаннан келген әріптестерімен, сондай-ақ, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының төрағасымен кездесті.
Жүздесу барысында парламентаралық, соның ішінде, ынтымақтастық жөніндегі топтар, сонымен қатар, Қазақстан және Қырғызстан парламенттерімен ұйымдастырылған Парламентаралық кеңес аясында өзара іс-қимылды дамыту мәселелері талқыланды.
Бақтықожа Ізмұхамбетов Әзербайжан, Қырғызстан парламенттерінің төрағаларына, сондай-ақ, Тәжікстан Оли Мәжілісі намояндагон Мәжілісінің Спикеріне Қазақстан Президентінің «Әлем. XXI ғасыр» манифесін жолдады.
Мәжіліс Спикері ЕҚЫҰ ПА Төрағасы Илкка Канервамен кездесуінде де аталған ұйымға қатысушы-мемлекеттер тарапынан манифестің қолдау табатындығына сенім білдірді.
Өз кезегінде Илкка Канерва Қазақстанның ЕҚЫҰ ПА-дағы рөлін жоғары бағалады.
Әңгіме барысында Бақтықожа Ізмұхамбетов дағдарыс, лаңкестік шабуылдар, экономикалық санкциялар жағдайында парламентаралық қарым-қатынас рөлінің арта түсетіндігін атап өтті.
(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)
Любое использование материалов допускается при наличии ссылки на официальный сайт Мажилиса Парламента Республики Казахстан.