Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
20.05.2016

МӘЖІЛІС СПИКЕРІ САНКТ-ПЕТЕРБОРДА БІРҚАТАР ЕКІЖАҚТЫ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ


МӘЖІЛІС СПИКЕРІ САНКТ-ПЕТЕРБОРДА БІРҚАТАР ЕКІЖАҚТЫ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ

                Астана, 20 мамыр, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Спикері Б. Ізмұхамбетов Санкт-Петерборда ТМД ПАА шаралары аясында Тәжікстаннан, Қырғызстаннан, Әзербайжаннан келген әріптестерімен, сондай-ақ, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының төрағасымен кездесті.  

Жүздесу барысында парламентаралық, соның ішінде, ынтымақтастық жөніндегі топтар, сонымен қатар, Қазақстан және Қырғызстан парламенттерімен ұйымдастырылған Парламентаралық кеңес аясында өзара іс-қимылды дамыту мәселелері талқыланды. 

Бақтықожа Ізмұхамбетов Әзербайжан, Қырғызстан парламенттерінің төрағаларына, сондай-ақ, Тәжікстан Оли Мәжілісі намояндагон Мәжілісінің Спикеріне  Қазақстан Президентінің «Әлем. XXI ғасыр» манифесін жолдады.

Мәжіліс Спикері ЕҚЫҰ ПА Төрағасы Илкка Канервамен кездесуінде де аталған ұйымға қатысушы-мемлекеттер тарапынан манифестің қолдау табатындығына сенім білдірді.  

Өз кезегінде Илкка Канерва Қазақстанның ЕҚЫҰ ПА-дағы рөлін жоғары бағалады. 

Әңгіме барысында Бақтықожа Ізмұхамбетов дағдарыс, лаңкестік шабуылдар, экономикалық санкциялар жағдайында парламентаралық қарым-қатынас рөлінің арта түсетіндігін атап өтті.

 

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі