Астана, 2 ақпан, Мәжіліс үйі. 5 ақпан, дүйсенбі күні Мәжілісте «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заң жобасы ілеспе түзетулерімен таныстырылады (сағат 15-00, конференц-зал, 2-қабат).
Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің отырысы шеңберінде ұйымдастырылатын таныстырылымда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Олег Смоляков баяндама жасайды деп күтілуде.
Заң жобасы бойынша жұмыс тобына депутат - Дания Еспаева жетекшілік етеді.
(74-63-01, ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі).
Любое использование материалов допускается при наличии ссылки на официальный сайт Мажилиса Парламента Республики Казахстан.