Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
02.02.2018

Мәжіліске Ұлттық банк валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы Заң жобасын таныстырады


Астана, 2 ақпан, Мәжіліс үйі. 5 ақпан, дүйсенбі күні Мәжілісте «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заң жобасы ілеспе түзетулерімен таныстырылады (сағат 15-00, конференц-зал, 2-қабат).

                Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің отырысы шеңберінде ұйымдастырылатын  таныстырылымда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Олег Смоляков баяндама жасайды деп күтілуде.

                Заң жобасы бойынша жұмыс тобына депутат - Дания Еспаева жетекшілік етеді.

 

(74-63-01, ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі).

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі