Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
04.05.2020

Мәжіліс Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кандидатурасын келісті


 

Нұр-Сұлтан, 4 мамыр, Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Мәжілісінде Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы өтті. Онда депутаттар Аида Балаеваның кандидатурасын Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына тағайындау үшін келісті.

Бұл «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Комитет отырысында қаралды.

Кандидатты Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырды.

Комитет отырысының нәтижесінде Аида Ғалымқызы Балаеваның кандидатурасын Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметіне ұсынылуы мүмкін екендігі туралы қорытынды қабылданды.

 

(74-63-01, Мәжілістің Баспасөз қызметі)

 


Любое использование материалов допускается при наличии ссылки на официальный сайт Мажилиса Парламента Республики Казахстан.