Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі
Бүгін Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында Премьер- Министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға депутатық сауалымды жолдадым.
Бүгін ҚР парламенті мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Премьер Министрінің орынбасары Тамара Қасымқызы Дүйсеноваға өз депутаттық сауалымды жолдадым. Сауал барысында мүгедектігі бар жандар үшін протез жасайтын протезист мамандардың жоқтығы, еліміздегі медициналық оқу орындарында осы мамандық бойынша оқыту, сонымен қатар мүгедектікті растау мәселесін де жеткіздім.
Құрметті Әлихан Асханұлы!
Медицина мамандарының қоғамдағы маңызды рөлі, олардың жұмысы, жалпы адам денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталғаны белгілі. Олар әрдайым сұранысқа ие және құрметке лайық. Пандемиясы кезінде коронавируспен күресте қолдан келгеннің бәрін жасаған дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлер біздің заманымыздың қаһармандарына айналды.
2015 жылы мүгедек жандарды қорғауға байланысты заңға қарасты актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Олардың денсаулығына зиян келтірмейтін жұмыс орындарын ұйымдастыруға тапсырма беріліп 2016 жылы бұл көрсеткіш 2%дан 4% ға дейін деп көрсетілген еді. Ал әлемнің көптеген елінде бұл квота 6%.
Менің депутаттық сауалым Қазақстан Республикасындағы балалардың инклюзивті қоғамын дамыту проблемасына қатысты.
Қарағанды облысының мүгедектер қоғамдық ұйымдарымен кездесу жұмыс сапарымның одан арғы жалғасы болды.
Өңірлерді аралап, халықпен кездесулер одан әрі Қарағанды техника -құрылыс колледжінде жалғасын тапты. Колледж директоры Әсел Сағынбайқызы және колледж ұжымы қарсы алып, түрлі мамандықтарға баулыйтын ұстаздарымен бірге әр шеберхананы, ондағы жаңа қосылған дүниелермен таныстырды.
2024 жылдың 4 ші қаңтары. Өңірлерді аралаудың екінші күніндегі жұмыс сапарым Теміртау қаласындағы сүт өнімдерін өндіретін “Ren Milk” және “Аян М” компанияларында жалғасты. Менімен бірге Қарағанды облыстық маслихатының депутаты, “Ауыл” партиясы мүшесі Аян Болатұлы және Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Уманцев Андрей зауытты аралады.
Парламент мәжілісінде Әлеуметтік мәдени даму комитетінің ұйымдастыруымен өткен “Ғылым және технологиялық саясат туралы “
Бүгін сәтті сәрсенбі күні Парламент қабырғасында мәжілістің жалпы отырысы болып өтті.
Күй өнері – қазақ халқының ең құнды, бағалы мұрасының бірі. Қаны мен жанында күй ойнаған ұлтымыз тума таланттарға кенде емес.
Жұмыс сапарымның үшінші күнін, яғни 5 ші қаңтардың таңын Қарағанды қаласындағы Сарыарқа арнасымен бастадым. Билікпен халық арасындағы дәнекердей болған, жаңалық жаршылары, төртінші билік иелері журналистер қауымымен сұхбаттасып “Сәлем Қарағанды” бағдарламасындағы тікелей эфирде болдым.
Бүгін менің Қарағанды облысына бағытталған өңірлерді аралау іс-сапарымның алғашқы күні, биылғы жылдың алғашқы жұмыс күні Қарағанды қаласынан басталды.
Жаңа жыл жаңа лебімен, жақсы жаңалығымен рух бере, күш бере келгендей. Олай дейтін себебім, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында күрделі кезеңнен осылай ой түйіп, көптің көкейіндегі сауалдарға жауап бергеніне бәріміз куәміз.
Бүгін әлеуметтік мәдени даму комитетінің ұйымдастыруымен еңбек қауіпсіздігімен еңбекті қорғауды жетілдіру бойынша көшпелі отырысы болып өтті.
Астана қаласындағы Бейбітшілік және Келісім сарайында “AMANAT” партиясының “Кедергісіз келешек” партиялық жобасы аясында жыл сайынғы “Жан Шуақ” қоғамдық сыйлығын беру рәсіміне шақыруымен арнайы болып қайттым.
Мемлекеттік қызметкерлер және полиция күні