Мәжіліс депутаты Айгүл Құспан Парламентаралық одақтың 145-Ассамблеясына Қазақстан атынан қатысты
Астана, 18 қазан, Мәжіліс үйі. Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан 11-15 қазан аралығында Руанда астанасы Кигали қаласында өткен Парламентаралық одақтың (ПАО) 145-Ассамблеясына және оның аясындағы басқа да іс-шараларға қатысты. Ассамблеяға 122 елдің парламентшілері, 32 халықаралық және парламентаралық ұйымдардың өкілдері келді. Кездесудің негізгі тақырыбы – гендерлік теңдік және гендерлік мәселелерді тұрақты да мықты бейбіт өмірдің қозғаушы күші деп санайтын парламенттер болды. Ассамблеяның ашылу салтанатында Руанда Республикасының Президенті Поль Кагаме, Руанда Парламенті Депутаттар Палатасының Төрағасы Донатиль Мукабалиса, ПАО президенті Дуарте Пашеку, ПАО Бас хатшысы Мартин Чунгонг сөз сөйлеп, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш бейнеүндеу жасады. Жалпы пікірсайыс барысында Айгүл Құспан баяндама жасады. Ол Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің гендерлік теңдік жөніндегі қарарларын орындауы, сондай-ақ ҚР 2030 жылға дейінгі отбасы және гендерлік саясат тұжырымдамасын жүзеге асыру барысы туралы айтты. Бұдан бөлек депутат шараға қатысушыларды қазақстандық сайлау заңнамасындағы партиялық тізімдерді қалыптастыру мен депутаттық мандаттарды бөлу кезінде әйелдерге, жастарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға 30 пайыздық квота енгізуге қатысты өзгерістермен таныстырды. Парламентаралық одақтың 145-Ассамблеясының нәтижесінде гендерлік теңдік және гендерлік мәселелерді тұрақты да мықты бейбіт өмірдің қозғаушы күші деп санайтын парламенттердің Кигали декларациясы қабылданды. Бұл құжат одақ мүшелерін мемлекеттік органдар мен қоғамда гендерлік теңдікті ілгерілету жөніндегі күш-жігерін жандандыруға шақырады. Декларация парламенттерге саяси шешімдерді қабылдау кезінде тепе-теңдікке қол жеткізу үшін сайлау гендерлік квоталарын енгізуді; заң жобаларын және бюджетті құру кезінде гендерлік перспективаның ескерілуін қамтамасыз етуді; халықтың осал топтарын парламент әрекетінің орталығына қоюды; гендерлік кемсітушілік пен зорлық-зомбылықты тоқтатуды ұсынады. Сонымен қатар «Халықаралық көші-қон деңгейі жоғары елдердің жергілікті және аймақтық дамуына парламенттік серпін, мемлекет қаржыландыратын адам саудасы және адам құқықтарын бұзуды қоса алғанда, барлық нысандарын тоқтату» қарары қабылданды. Оны ПАО-тың Демократия және адам құқықтары жөніндегі Тұрақты комиссиясы әзірлеген. Қосымша іс-шаралар аясында Айгүл Құспан Әзербайжан, Армения, Беларусь, Ресей және Өзбекстан парламентшілерінің қатысуымен «Еуразия» ПАО геосаяси тобының отырысын өткізді. Олар Ассамблеяның күн тәртібіндегі мәселелерді талқылап, ПАО органдарындағы бос лауазымдарға үміткерлерді анықтады. Сондай-ақ депутат Парламентаралық одақтың геосаяси топтары мен Тұрақты комитеттері төрағаларының бірлескен отырысында сөз сөйлеп, онда Еуразиялық топтың атқарған жұмыстары, Парламенттің бұрын қабылданған қаулыларының орындалу барысы туралы баяндады. Ассамблея аясында депутат Африка парламенттік ұйымдарының өкілдерімен, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Индонезия, Намибия, БАӘ, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Украина, Франция және т.б. парламенттік делегациялар басшылары және мүшелерімен ынтымақтастықты нығайту мен орнату мақсатында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Парламентаралық одақтың 146-Ассамблеясы келесі жылы Бахрейн астанасы Манама қаласында 11-15 наурыз аралығында өтеді.Мәжіліс депутаты Андорра Сыртқы істер министрімен кездесті
Нұр-Сұлтан, 4 тамыз, Мәжіліс үйі. Мәжілісте Қазақстан мен Андорра арасындағы саяси және экономикалық байланысты арттыру мәселесі талқыланды. Мәжіліс депутаты, Палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан Қазақстанға ресми сапармен келген Андорра Сыртқы істер министрі Мария Губах Фонт бастаған делегация өкілдерімен кездесті. «Елдеріміз арасындағы саяси және экономикалық екіжақты байланыстардың тұрақты түрде дамып келе жатқанын атап өткен жөн. Соның ішінде, туризм саласындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор деп ойлаймын», – деді А.Құспан. Кездесу барысында қос ел арасында сауда, инвестиция және цифрландыру саласында да әріптестікке қол жеткізу мәселесі талқыланды. Сондай-ақ тараптар Қазақстан мен Андорра арасындағы серіктестіктің одан әрі тереңдеуіне сенім білдірді.Ерлан Қошанов Түркияда IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты
Түркия Республикасы Изник қаласы. 30 қыркүйек. Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Көшпенділер ойындарына әлемнің 102 елінен 3 мыңнан астам спортшы қатысуда. Қазақстанның атынан 50 спортшы сайыстың бес түрінен бақ сынасады. Олар – көкпар, қазақ күресі, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, көк бөрі. Мәжіліс Төрағасы дүбірлі дода алдында Қазақстан құрама командасы мүшелерімен арнайы кездесті. Оларға Мемлекет басшысының жылы лебізін жеткізіп, жеңіс тіледі. Мәжіліс Спикері Дүниежүзілік көшпенділер ойындары бауырлас елдердің мәдени байланыстарын күшейтіп, түркі әлемінің ортақ құндылықтарын әлемге паш етуде маңызы зор екенін атап өтті. – Қазір күллі Қазақстан халқы сіздерге жанкүйер болып отыр. Қоржындарыңыз алтынға толсын. Қазақ спортшыларының қандай мықты екенін дүбірлі додада дәлелдеп, ел абыройын асқақтата беріңіздер, – деді Мәжіліс Спикері. Іс-шара аясында Ерлан Қошанов Түркия Республикасының Президенті Режеп Таийп Ердоғанмен кездесті. Мәжіліс Төрағасы Атажұрттан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізі мен зор ықыласын жеткізіп, Түркияда алғаш рет өткізіліп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылуымен құттықтады. – Жыл өткен сайын біздің мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастық артып келе жатыр. Бұл Өзіңіздің Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен достық қарым-қатынастарыңыз бен жемісті диалогтың нәтижесі деп білемін. Осы орайда Сіздің осы жылғы қазан айына жоспарланған Қазақстанға сапарыңызды асыға күтудеміз. Бұл сапар бауырлас елдеріміздің арасындағы тығыз қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеріп, одан әрі нығайуына зор мүмкіндік туғызатынына сенімдіміз, – деді Ерлан Қошанов. Өз кезегінде, Түркия Президенті Қазақстанның түркі әлемі мен Түркі мемлекеттері ұйымындағы маңызды рөлін атап өтіп, Мәжіліс Спикеріне IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылуына қатысқаны үшін ризашылығын білдірді. – Қазақстандағы тұрақтылық бүкіл өңір үшін маңызды. Бұл орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп жатқан реформалары мен кезектен тыс Президенттік сайлау өткізу жөніндегі бастамасын қолдаймын. Қазақстандағы үдерістерді ерекше бақылап отырмын. Жалпы, Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты қатынастар жоғары деңгейде дамып келеді. Осы орайда парламентаралық ынтымақтастықтың маңыздылығы зор, – деді Р.Т.Ердоған. Мәжіліс Спикері Қазақстан Парламенті мен Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысы арасындағы, соның ішінде парламентаралық ұйымдар аясында екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі аухалы туралы баяндап, бірлескен жұмыс барлық сала бойынша белсенді жалғаса беретінін айтты. Мәжіліс Төрағасы Қазақстан келесі V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу жөнінде ұсыныс бергенін айтып, түркі қоғамдастығы оны қолдайтынына сенім білдірді. Сонымен бірге Ерлан Қошанов Түркияның бұрынғы Премьер-Министрі Бинали Йылдырыммен кездесіп, тараптар екі ел ынтымақтастығының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.Мәжіліс депутаттары ДДҰ-мен ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Астана, 21 қыркүйек, Мәжіліс Үйі. Мәжіліс депутаттары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клумен кездесіп, өзара іс-әрекеттің өзекті мәселелерін талқылады. Мәжіліс Төрағасының орынбасары Балайым Кесебаева Денсаулық сақтау мәселелерін жүзеге асыруда ұзақ мерзімді бірлескен ынтымақтастық пен қолдауы үшін ризашылығын білдірді. Мәжіліс вице-спикері азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері әрдайым мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала беретінін атап өтті. Қазақстан ең озық халықаралық стандарттар мен технологияларға бағытталған денсаулық сақтау жүйесін дамытуда. Бұған 2025 жылға қарай денсаулық сақтауға жұмсалатын мемлекеттік шығыстардың ЖІӨ-ден 5 пайызға дейін кезең-кезеңімен ұлғаюы дәлел бола алады. ДДҰ өңірлік бюросының директоры жалпы алғанда, Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту мәселелеріндегі өзгерістердің оң қарқынын атап өтіп, республикада салауатты өмір салты бойынша тұрақты дамудың жаһандық мақсатына қол жеткізу үшін жақсы жағдай жасалғанына тоқталды. Ханс Клуге сондай-ақ заңнаманы жетілдіру мәселелерінде қазақстандық парламентарилермен жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екендігі білдірді. Қазақстан тарапынан кездесуге Мәжіліс депутаттары Жәмиля Нұрманбетова, Зарина Камасова, Гүлдара Нұрымова, Лариса Павловец, Ғалымжан Елеуов және денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қатысты.Мәжіліс пен Парламентаралық одақ ынтымақтастықты нығайту жөнінде келісті
Прошло пленарное заседание под председательством Спикера Мажилиса Ерлана Кошанова. Депутаты одобрили ратификацию Договора между Казахстаном и Туркменистаном о делимитации границы и разграничении смежных участков рыболовных зон на Каспийском море и приняли в работу законопроект по вопросам государственной службы. Заседание нижней палаты Парламента началось с рассмотрения нового законопроекта по вопросам государственной службы. Проект представил мажилисмен, председатель комитета по законодательству и судебно-правовой реформе Арман Кожахметов. – Законопроект направлен на выполнение поставленных Главой государства задач по изменению ответственности за государственное управление, кадровую политику, систему принятия решений и их реализацию, - отметил Арман Кожахметов. Кроме того, поправки предусматривают совершенствование механизма ротации и стимулирование ротации госслужащих в регионы. Депутаты определили сроки подготовки заключения по законопроекту и приняли его в работу. Вторым вопросом в повестке стало рассмотрение проекта закона «О ратификации Договора между Казахстаном и Туркменистаном о делимитации казахстанско-туркменской государственной границы и разграничении смежных участков рыболовных зон на Каспийском море». Договор был совершён в Ашхабаде в октябре прошлого года. – Договор завершит процесс делимитации государственной границы Республики Казахстан на южных рубежах и станет первым в истории документом, юридически закрепляющим государственные границы на Каспийском море между прибрежными государствами, - сообщил Заместитель Премьер-Министра – Министр иностранных дел Казахстана Мухтар Тлеуберди. Принятие Договора устранит возможные предпосылки для возникновения споров с Туркменистаном касательно разграничения дна Каспия между государствами, повысит инвестиционную привлекательность казахстанского сектора дна Каспийского моря и обеспечит благоприятные условия для реализации суверенных прав на недропользование и промысел водных биологических ресурсов. Депутат Зарина Камасова поинтересовалась, не скажется ли отсутствие в приложении к договору графических карт с изображением границы на практическом применении договора. - Насколько я понимаю, принятие этого договора послужит основанием для нанесения линий государственной границы на карту. Не вызовет ли проблем в правоприменении отсутствие карт в этом договоре? – отметила мажилисмен. Заместитель председателя КНБ - директор Пограничной службы РК Ерлан Алдажуманов пояснил, что морская граница делится по координатам, на постах технического наблюдения есть современная аппаратура, которая позволяет видеть и контролировать эти координаты. Мухтар Тлеуберди добавил, что данная линия не будет меняться в связи с изменениями на море или понижением уровня воды. Депутаты одобрили проект закона о ратификации договора. Кроме того, на пленарном заседании мажилисмены озвучили свои актуальные запросы к исполнительным органам.Қазақстан-Америка ынтымақтастығы Парламентаралық диалогтың маңызды құрамдас бөлігі
Нұр-Сұлтан, 2 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Дом Мажилиса. Бүгін Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Парламентте АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының депутаттары Джимми Панетт пен Томас Суоцциді қабылдады. Тараптар Қазақстан-Америка өзара іс-әрекетінің кең ауқымды мәселелерін талқылап, екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнаған күннен бастап 30 жыл ішінде сенімді саяси диалог құрылғанын және екіжақты қатынастар кеңейтілген стратегиялық әріптестік деңгейіне жеткенін ерекше атап өтті. Мәжіліс Төрағасының пікірінше, ядролық қаруды таратпау және қарусыздану, сауда және инвестиция, терроризмге қарсы күрес, денсаулық сақтау, білім беру және басқа да көптеген салада тығыз ынтымақтастық орнағаны Қазақстан-Америка қарым-қатынастарының жоғары деңгейінің дәлелі. Мәжіліс Спикері шетелдік әріптестерін конституциялық өзгерістер бойынша өткен референдумның қорытындылары, сайлау және саяси партиялар туралы заңдарға енгізілетін өзгерістер туралы хабардар етті. Жүргізіліп жатқан реформалар бизнес пен саясатта тең жағдай жасауға бағытталғанын айтты. Өз кезегінде АҚШ Конгресі Өкілдер Палатасының депутаттары Қазақстандағы ауқымды саяси және экономикалық өзгерістерді іске асыру жолындағы жетістіктерін жоғары бағалап, адам құқықтарын сақтау саласындағы үлкен прогресті атап өтті. - Өткен реформалар, кешегі Президент Жолдауы, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі, сондай-ақ діни сенім бостандығы мәселелері – ең жоғары бағаға лайық, – деді Томас Суоцци. Кездесуде парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мәжіліс Төрағасы қазақстандық және америкалық парламентшілердің сындарлы жұмысы екіжақты қарым-қатынастарды жан-жақты дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді. Қазақстандық тараптан кездесуге Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан және ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин қатысты.Мәжіліске Еуропалық Парламенттің адам құқықтары жөніндегі делегация өкілдері келді
Нұр-Сұлтан, 22-тамыз, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжілісте Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан Еуропалық Парламентінің Адам құқықтары жөніндегі кіші комитеті делегациясы мүшелерімен кездесті. Онда Комитет төрайымы елімізде болып жатқан саяси өзгерістер мен конституциялық реформалар туралы айтып берді. Айгүл Құспан атап өткендей, Қазақстан Парламентінің Мәжілісі көптеген халықаралық ұйымдармен, соның ішінде, Еуропалық Парламентпен барлық бағытта сындарлы қатынас орнатқан. Айтуынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өткен жылы Брюссельге жасаған алғашқы ресми сапары стратегиялық әріптестіктің одан әрі тереңдеуіне тың серпін берді. Сондай-ақ А. Құспан Еуропалық Одақ Қазақстанның маңызды сауда және инвестициялық әріптесі екенін атап өтті. Келесі жылы Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жыл толады. Алдағы уақытта да екіжақты байланыс Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы Келісім аясында нығая бермек. Бұдан бөлек, Айгүл Құспан заңсыз шығарылған капиталды қайтару бойынша жұмыс тобын, сондай-ақ «Орталық Азия – Еуропалық Парламент» диалог алаңын құру туралы қазақстандық тараптың ұсынысы парламентаралық байланыстың тиімділігін арттыруға ықпал ететінін атап өтті. Өз кезегінде делегация жетекшісі Кристиан Сагарц Қазақстан Еуропалық кеңістік үшін маңызды серіктес екеніне тоқталып, өзара ынтымақтастықты, әсіресе адам құқықтары мәселесі бойынша ықпалдастықты осы қарқынмен әрі қарай күшейтуге дайын екендіктерін жеткізді. Кездесуге Мәжіліс депутаттары Арман Қожахметов, Снежанна Имашева, Айқын Қоңыров, Берік Дүйсенбинов қатысты.Мәжілісте Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, 2 тамыз, Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаты, Палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының «Корея-Қазақстан» достық тобының жетекшісі У Вон Шик бастаған делегеция өкілдерімен кездесті. Отырыста Айгүл Құспан биыл екі ел арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толғанын атап өтіп, Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастық осы жылдар ішінде өзара түсіністік пен достық рухында дамып келе жатқанына тоқталды. Сонымен қатар тараптар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өткен жылғы Кореяға мемлекеттік сапары барысында екі ел көшбасшылары кеңейтілген стратегиялық әріптестікті нығайтуды жалғастыруға ниетті екендерін айтты. «Екі ел парламенттері арасындағы өзара іс-қимыл кеңейтілген стратегиялық әріптестіктің маңызды құрамдас бөлігі. Парламент заң шығару қызметінің түрлі мәселелері бойынша корей әріптестерімен серіктестікті тереңдетуге дайын» – деді Айгүл Құспан. Өз кезегінде У Вон Шик жыл өткен сайын Корея мен Қазақстан арасында парламентаралық байланыс нығайып келе жатқанын айтты. Сонымен қатар Қазақстан Оңтүстік Корея үшін Орталық Азиядағы ірі әрі маңызды сауда серіктесі екеніне назар аударды. Отырысқа Мәжіліс депутаттары, Корея Республикасымен ынтымақтастық топ мүшелері Айдос Сарым, Жұлдыз Сүлейменова мен Аманжол Әлтай қатысты. Соңында тараптар Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастықты нығайту, соның ішінде парламентаралық байланысты одан әрі дамыту туралы келісті.Мәжілісмендер Дүниежүзілік банктің вице-президентімен кездесті
Нұр-Сұлтан, 28 маусым, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліске вице-президент Индермит Гилл бастаған Дүниежүзілік банк делегациясы келді. Меймандарды Мәжілістің вице-спикері Павел Казанцев, депутаттар Дания Еспаева, Марат Құсайынов, Сәлімжан Нақпаев, Жамиля Нұрманбетова, Берік Оспанов және Екатерина Смышляева қабылдады. Кездесуде тараптар Қазақстанның жаһандық қаржы институтымен бірге 30 жыл ішінде атқарған ауқымды жұмыстары туралы айтты. Мәжіліс Вице-спикері Павел Казанцев елімізде Дүниежүзілік Банктің белсене қатысуымен және жәрдемдесуімен серпінді әлеуметтік-экономикалық дамуға бағытталған жобалардың табысты іске асырылып жатқанын атап өтті. – Бүгінгі таңда Қазақстан Дүниежүзілік банк есебінен жалпы сомасы 4,2 млрд АҚШ долларын құрайтын бес жобаны жүзеге асыруда. Ол ирригациялық және дренаждық қызметтердің сапасын арттырып, орта білім беру жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Жолдарды қайта жаңғырту мен салуға бағытталған бірқатар инфрақұрылымдық жобалар да маңызды рөл атқарады, – деді Павел Казанцев. Өз кезегінде, Индермит Гилл Дүниежүзілік банк пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық барысына көңілі толатынын айтып, әріптестік қарым-қатынастарды одан әрі кеңейтуге, соның ішінде еліміздің 2050 жылға қарай әлемнің экономикасы дамыған 30 елдің қатарына кіру бойынша ауқымды жоспарларды іске асыруға дайын екенін атап өтті.Ерлан Қошанов Қытай Парламентінің Спикері Ли Чжаньшумен келіссөз жүргізді
Нұр-Сұлтан, 28 маусым, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов Қытай Халық Республикасының Халық өкілдері Бүкілқытайлық жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшумен бейнебайланыс арқылы келіссөз жүргізді. Тараптар екіжақты қатынастарды, соның ішінде заң шығарушы органдар арасындағы өзара байланысты тереңдету жөнінде пікір алысты. Ли Чжаньшу Ерлан Қошановты Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы лауазымына сайлануымен құттықтай келе, ыңғайлы уақытта Қытай еліне ресми сапармен келуге шақырды. – Осы жылдар ішінде біз стратегиялық және сенімді қарым-қатынас орнаттық. Жоғары деңгейдегі тұрақты диалог соның берік негізіне айналды. Осының барлығы елдеріміздің көшбасшыларының шынайы достығы мен сенімді қатынастарының нәтижесі екені сөзсіз, – деді Мәжіліс Спикері. Өз кезегінде Л.Чжаньшу екіжақты байланыс жоғары деңгейде дамып келе жатқанын және мемлекетаралық қатынастардың жарқын үлгісіне айналғанын атап өтті. Ерлан Қошановтың айтуынша, геосаяси сын-қатерлерге және күрделі халықаралық жағдайға қарамастан Қазақстан Қытайдың сенімді серіктесі болып қала бермек. Мәжіліс Төрағасы Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин мырзаның басшылығымен мемлекет зор табыстарға қол жеткізгенін және әлемдегі екінші ірі экономикаға айналғанын атап өтті. Ерлан Қошанов Ли Чжаньшуды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси жүйені жаңғыртуға және елді дамытуға бағытталған ауқымды реформалары туралы хабардар етті. Ли Чжаньшу Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен саяси тұрақтылық сақталып, Қазақстан халқының тұрмыс деңгейі мен халықаралық аренадағы беделі артып келе жатқанын айтты. Тараптар бірқатар халықаралық ұйымдар шеңберіндегі парламентаралық ықпалдастық мәселелерін талқылап, елдеріміздің «Бір белдеу – бір жол» бастамасын бірлесе жүзеге асыру аясында ықпалдастыққа дайын екенін атап өтті. Бұл ретте Ерлан Қошанов цифрландыру, «жасыл технологиялар» және инновациялар салаларында ірі бірлескен жобаларды іске асыру үшін «Цифрлық Жібек жолы» және «Жасыл Жібек жолы» бастамалары уақыт талабына сай жасалған қадам екенін айтты. Тараптар трансшекаралық өзендерді бірлесе пайдалану мәселелерін талқылап, олардың экожүйелерін сақтау және сол бойынша тиісті келісімге қол қоюды жеделдетуге қатысты бірлескен жұмысты күшейту қажеттілігі туралы ортақ пікірлерін жеткізді. Осы орайда Ли Чжаньшу мырза келешекте өзара түсіністік негізінде біздің ортақ трансшекаралық Ертіс өзені достық пен ынтымақтастық көпіріне айналатынына сенім білдірді. Сондай-ақ Парламент спикерлері Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық серіктестікті дамыту мәселелерін талқылады.Ерлан Қошанов Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының ХІ пленарлық отырысына қатысты
Қырғыз Республикасы Чолпон-Ата қаласы. 24 маусым. Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов бауырлас қырғыз елінің Чолпон-Ата қаласында өткен «Парламенттік дипломатия – сенім мен әріптестіктің негізі» тақырыбындағы ТүркПА-ның ХІ пленарлық отырысына қатысты. Алдымен ұйымға мүше елдер Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Түркия Парламенті жетекшілері ТүркПАның Кеңесі отырысында бас қосты. Тараптар түркі әлемінің болашағына қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Ерлан Қошанов қырғыз әріптестеріне қонақжайлылығы мен іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін ризашылығын білдіріп, жиынның түркі мемлекеттері арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуымен тұспа-тұс келгеніне назар аударды. Сонымен бірге еліміздің осы ұйымға төрағалығы аясында атқарған жұмысын қорытындылап, 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспарының толық орындалғанын атап өтті. «Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістандағы басқосудан бері бір жылдай уақыт өтті. Қазақстанның төрағалығы кезеңінде тараптардың атсалысуымен Ассамблеямыздың жұмысы жүйелі және қарқынды түрде жалғасын тапты. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың түркі мемлекеттерімен қарым-қатынасты дамытуға ерекше көңіл бөлуде», – деді Ерлан Қошанов. Мәжіліс Спикері төрағалық кезеңде атқарылған жұмыс түркі елдерінің бірлігін бекемдеп, ТүркПА-ның беделін арттыруға, ықпалын күшейтуге бағытталғанын айтты. Сонымен қатар басқосуда Палата Спикері Қазақстанда өткен референдум кезіндегі ТүркПА-ның бақылау миссиясының белсенді қатысқаны және науқанға шынайы баға бергендері үшін ризашылығын білдірді. ТүркПА миссиясының жетекшісі референдум барлық озық халықаралық демократиялық стандарттарға толық сәйкес өткенін атап өтті. Жиында ұйымда төрағалық ету мәртебесі Қазақстан Парламентінің Төрағасынан Қырғыз Парламенті басшысына салтанатты түрде тапсырылды. Сонан соң ТүркПА-ға мүше елдер Парламенттерінің жетекшілері бірлестіктің ХІ пленарлық отырысында бас қосты. Оған қонақ ретінде келген Өзбекстан мен Түркіменстан Парламент басшылары мен бақылаушы мәртебесіне ие Мажарстан Парламентінің делегациясы да қатысты. Отырыста сөз сөйлеген Ерлан Қошанов түркі мемлекеттері арасындағы интеграциялық үдерістер жоғары деңгейде дамып келе жатқанын, сонымен бірге парламентаралық ынтымақтастықты тереңдетудің мәні зор екенін атап өтті. «Біз, парламентарийлер, мемлекет басшыларымыздың бастамасына сәйкес ТүркПА-ның да атауын «Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы» – деп өзгерткелі отырмыз. Бұл ребрендинг, бұл жаңару біздің Ассамблеяның жаңа форматта жан-жақты дамуына ықпал етері сөзсіз. Біздің мүддеміз ортақ. Басты мақсатымыз Еуразия кеңістігінде тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтай отырып, мызғымас берік байланыстарды дамыту. Парламенттік дипломатияның халықаралық саясаттағы орны ерекше. Бүгінде оның мүмкіндіктерін түрлі халықаралық платформаларда ортақ мүдделерімізді ілгерілету және түркі әлемінің бірлігі мен ынтымағын арттыру үшін пайдалану өте маңызды», – деді Мәжіліс Спикері. Ерлан Қошанов Мәжіліс депутаттары парламенттік дипломатия арқылы түркі халықтарының бірлігін нығайту жолында бірлесіп еңбек етуге дайын екенін айтты. Пленарлық отырыста Түркі ынтымақтастығын дамытуға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойылып, ұйымның 2028 жылға дейінгі стратегиялық жоспары мақұлданды. Бірлестікке мүше елдердің ұлттық заңнамаларын жақындастыруға бағытталған әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бойынша модельдік заң қабылданды. Ол Қазақстан Парламентінің бастамасымен әзірленді. Сонымен қатар құрылтайшы парламенттер басшылары Ассамблеяның атын «Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы» деп өзгерту жөнінде құжатқа қол қойылды. Жиын соңында Чолпон-Ата декларациясы қабылданды. ТүркПА-ның келесі ХІІ пленарлық отырысы 2023 жылы Түркияда өтеді. Отырыс аясында делегация басшылары Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен кездесті. Онда Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов ұйымның қызметі жайлы мәлімет беріп, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін жеткізді. Сондай-ақ ұйымға мүше елдер арасында саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыс нығайып келе жатқанын атап өтті. Бұдан бөлек, Ерлан Қошанов Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Талант Мамытовпен және Әзербайжан Милли Меджлисінің Төрайымы Сагиба Гафаровамен жеке дара кездесті. Онда парламентаралық диалогты нығайту мәселелері талқыланды.Е. Қошанов түркі мемлекеттері Парламенттерінің жастар тобымен кездесті
Нұр-сұлтан, 17 маусым, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжіліс Спикері, ТүркПА-ның іс басындағы төрағасы Ерлан Қошанов жастар қанатының алғашқы отырысына қатысуға келген Жас парламентарийлермен кездесті. Мәжіліс Төрағасы өз сөзінде Қазақстан бастамасымен құрылған Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының маңыздылығына және түркі мемлекеттерінің ынтымақтастығын тереңдету жолында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Е. Қошанов биыл елдеріміз арасында дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жыл толғанын айтып: - қазіргі уақытта біздің мемлекеттер басшыларының күш-жігерінің арқасында елдер арасындағы қатынастар барлық салаларда өте жоғары деңгейде дамуда. Қазақстан президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаев түркі мемлекеттерімен ынтымақтастықты нығайтуға ерекше көңіл бөледі, - деді. Мәжіліс Төрағасы түркі елдері арасындағы тығыз байланысты тереңдетуде Парламенттердің рөлінің зор екенін алға тартып, жас парламентарийлер тобының құрылуы және олардың алғашқы отырысы түркі тамырластығы үшін тарихи оқиға деп бағалады. Ерлан Қошанов жас депутаттарды Қазақстанда жүргізіліп саяси өзгерістер мен жақында өткен Республикалық референдумның маңыздылығы туралы хабардар етті. Жүздесуде әзербайжандық және түркиялық жас депутаттар сөз алып, жоғары деңгейдегі кездесу үшін ыстық ықыластарын білдіре келіп, елдеріміз арасындағы ынтымақтастық үшін жастық жігерлерін аяямайтындықтарын жеткізді. Жастар тобы алғашқы кездесулерінде «Балалар мен жастар – ақпараттық технология дәуіріндегі түркілердің болашағы» тақырыбында кең көлемде талқылау өткізбек.Екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Нұр-сұлтан, 14 маусым, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжіліс депутаттары Айгүл Құспан мен Айдос Сарым Лихтенштейн Парламентінің сыртқы саяси комиссиясының төрағасы Манфред Кауфманмен кездесу өткізді. Парламент өкілдерінің бейнеконференция форматындағы кездесуі Қазақстан мен Лихтенштейн арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 15 жыл толу қарсаңында өтті. - Бұл парламентаралық диалогқа қосымша серпін беретін және ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша екіжақты қатынастардың дамуына ықпал ететін ерекше кездесу, - деді Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан. Одан әрі А. Құспан Қазақстан Еуропа Кеңесі мен ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеяларымен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға және қазіргі өзара іс-қимыл тетіктерін кеңейтуге зор мән беріп отырғанын атап өтті. Екіжақты ынтымақтастық мәселелеріне баса назар аудара келіп, 2012 жылдан бастап біздің еліміз толыққанды мүшесі саналатын "құқық арқылы демократия үшін" Еуропалық комиссия (Венеция комиссиясы) шеңберіндегі ықпалдастыққа көңіл бөлді.Мәжілісмендер ТМД – ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық жастар форумына қатысты
Нұр-сұлтан, 10 маусым, Мәжіліс Үйі. Мәжіліс депутаттары Вера Ким мен Мәди Ахметов Санкт-Петербург қаласындағы ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық жастар форумының жұмысына қатысуда. "Жас парламентшілер – Достастық болашағына көзқарас" тақырыбындағы Форум ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының 30 жылдығына және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Жастар ассамблеясының 10 жылдығына орайластырылған. Отырыс барысында Мәжіліс депутаты Вера Ким Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошановтың ТМД форумының қатысушыларына жолдаған лебізін жеткізді. Онда Мәжіліс төрағасы жас парламентшілер ТМД кеңістігінде демократиялық құндылықтарды ілгерілетуде маңызды рөл атқаратынын ерекше атап өткен. Отырыс барысында Вера Ким сөз сөйлеп, жастардың ТМД-дағы мәдени мұраны сақтау, халық шығармашылығын дамыту, этносаралық қатынастарды қалыптастыру бағытындағы мүмкіндіктеріне тоқталып, қазақстандық жастардың әлеуетіне баса назар аударды. Мемлекеттік деңгейде қолдау шараларына тоқталды. Одан әрі депутат ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жастар ұйымдарының волонтерлік қызмет бойынша іс-қимылына да көңіл бөлді.ТүркПА-ның құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар комиссиясының отырысы өтті
Нұр-сұлтан, 9 маусым, Мәжіліс Үйі. Мәжіліс депутаты, түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясы төрағасының орынбасары Сауытбек Абдрахманов бүгін онлайн форматта өткен комиссияның 9-шы отырысына қатысты. Форумға қатысушылар сыртқы саяси өзара іс-қимылдағы түркі мемлекеттері парламенттерінің рөлін талқылады. Сауытбек Абдрахманов өз сөзінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы - ТүркПА-ның қазіргі төрағасы Ерлан Қошановтың отырысқа қатысушыларға арнаған жылы лебізін жеткізді. Сондай-ақ, Мәжіліс Төрағасының тапсырмасы бойынша отырысқа қатысушылар ТүркПА-ны түркі мемлекеттерінің парламенттік ассамблеясы деп қайта атау туралы мәселені талқылап, оны осы жылы маусым айының соңында Қырғызстанда өтетін ұйымның пленарлық отырысының қарауына енгізуді ұсынды. Күн тәртібіндегі мәселенің маңыздылығын айта келе, С. Абдрахамнов депутаттардың халықаралық форумдар мен іс-шараларға белсенді қатысуы парламенттік жұмыс пен дипломатияның ажырамас бөлігі екенін атап өтті. Депутат парламенттік дипломатия үкіметтің дипломатиясын күшейте алалатынын, сыртқы істерде жүзеге асырылатын дәстүрлі дипломатияны толықтырып, байытатынын және дипломатияның балама үлгісі ретінде елдер арасындағы екіжақты мәселелерді түзету және шешу үшін жағдай жасап, ынталандыратынын баса айтты. Сонымен қатар, Сауытбек Абдрахманов парламентарийлер арасындағы жеке байланыстар өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етіп, елдер арасында бейбітшілік пен қауіпсіздікті орнату үшін пайдала балама арналар құруы мүмкін екенін айтты.Қазақстан мен Үндістан арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан. 9-маусым. Мәжіліс үйі. Мәжілісте Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан Үндістан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Шубдаршини Трипати ханыммен кездесті. Тарап¬тар барлық салада екіжақты қарым-қатынасты нығайтудың маңызды мәселелерін талқылады. А. Құспан атап өткендей, біздің елдеріміз арасындағы мәдени-гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық байланыстың тамыры тереңде жатыр. Қазіргі уақытта қос мемлекет ежелгі сауда және өркениеттік серіктестікті заман талабына сай жаңғыртуға ынталы. Комитет төрайымы Үндістан Қазақстан тәуелсіздігін мойындаған алғашқы елдердің бірі екенін атап өтті. Бүгінде дипломатиялық қатынастар орнағанына 30 жыл толып отыр. А. Құспан мейманға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде қолға алынып жатқан саяси, экономикалық, әлеуметтік реформалар туралы баяндады. Өз кезегінде Ш. Трипати Қазақстан Үндістанның Орталық Азиядағы сауда және инвестиция саласындағы ірі әріптесі екенін, елдеріміз арасындағы сауда көлемін одан әрі ұлғайтудың әлеуеті әлі де зор екеніне назар аударды.Ерлан Қошанов Еревандағы ҰҚШҰ ПА Кеңесінің отырысына қатысты
Ереван, 6 маусым. Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов Еревандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Парламенттік Ассамблеясының іс-шараларына қатысты. Отырыста Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан Парламент жетекшілері осы Ұйым қызметінің өзекті мәселелерін, өңірлік қауіпсіздік саласындағы ахуалын талқылап, алдағы жоспарларды айқындады. ҰҚШҰ ПА Кеңесінің отырысына қатысушылар Қазақстанды еліміздің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумның сәтті өтуімен құттықтады. Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов жиналғандарды жалпыұлттық референдумның алдын ала қорытындылары туралы хабардар етіп, ҰҚШҰ ПА миссиясының құрамында референдумды бақылау мақсатымен Қазақстанға өз өкілдерін жібергені үшін Ұйымға мүше мемлекеттердің Парламент жетекшілеріне алғысын айтты. «Алдын-ала мәлімет бойынша 77,2 пайыз қазақстандықтардың конституциялық өзгерістерге дауыс беруі Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың реформалар бағытын қоғамның кең қолдауының айқын дәлелі деуге болады. Мен Қазақстандағы ҰҚШҰ ПА миссиясының байқаушыларымен кездестім. Олардың белсене қатысқаны және шынайы баға бергені үшін ризашылығымды білдіремін», – деді Мәжіліс Төрағасы. Сондай-ақ Ерлан Қошанов жиналғандарға Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформаның маңыздылығы туралы айтып берді. «Референдум – елімізде өзгерістерге деген қоғам сұранысына нақты жауап. Конституциялық өзгерістерде белгіленген Президент реформалары негізгі үш бағытты қамтиды. Бұл – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін нығайту, азаматтардың мемлекеттікті басқару ісіне қатысуын арттыру, мемлекеттік институттардың ашықтығы мен тиімділігін арттыру», – деді Ерлан Қошанов. Мәжіліс Төрағасы армениялық әріптестеріне қонақжайлылығы мен іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін алғыс айта отырып, кездесуді Ұжымдық қауіпсіздік шартына қол қойылғанына 30 жыл толуымен және ҰҚШҰ-ның 20 жылдығымен тұспа-тұс келуінің символдық мәні зор екенін айтты. «Өткен жылдар ішінде ҰҚШҰ өзін тиімді халықаралық ұйым ретінде көрсете білді. ҰҚШҰ қызметінің негізгі бағыттарының бірі парламентаралық байланыс. Бұл ұйымның басымдықтарын ескере отырып, ұлттық заңнаманы жүйелі түрде үйлестіруге және парламентаралық ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік берді», – деді Палата Төрағасы. Мәжіліс Төрағасы Ұйымның халықаралық және өңірлік деңгейде қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі бітімгершілік қызметінің әлеуеті жоғары екеніне назар аударды. Өткен жылы мерейтойлық Саммитте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқан ҰҚШҰ-ны БҰҰ-ның бітімгершілік қызметіне қосу туралы ұсынысты жүзеге асыру үшін қазір барлық жағдай жасалғаны ерекше атап өтілді. Бұл қадам ұйымға БҰҰ аясында бейбітшілікті қолдауға бағытталған халықаралық операцияларға қатысуға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе, Ауғанстандағы күрделі жағдайдың жалғасуына байланысты өзекті болып отыр. Осыны ескере отырып, Ерлан Қошанов ықтимал қауіп-қатерлердің алдын алу, содырлар мен радикалды діни ағымдарды ұстанушылардың ҰҚШҰ елдерінің аумағына кіруіне жол бермеу үшін оңтүстік шекараларда Ұйымның жауапкершілік аймағын күшейту маңызды екенін атап өтті. Кеңес отырысында Парламент өкілдері ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің өткен жылғы қыркүйектегі сессиясының шешімдерін іске асыру қорытындыларын және Ұйымның сессияаралық кезеңдегі қызметін талқылады. Сапар аясында Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Армения Республикасы Ұлттық жиналысының Төрағасы Ален Симонянмен кездесті. Онда барлық салалардағы, соның ішінде екі елдің парламенттері деңгейіндегі екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегі талқыланды. Сонымен қатар Ерлан Қошановтың Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының Төрағасы Вячеслав Володинмен кездесу барысында Қазақстан-Ресей парламентаралық ынтымақтастығының өзекті мәселелері қаралды. Тараптар тиісті комитеттер мен ынтымақтастық топтары арқылы бірлескен жұмысты күшейтуді, сондай-ақ заң шығару қызметі бойынша тәжірибе алмасуды қолдады. Сонымен бірге ҰҚШҰ елдері парламенттерінің басшылары Армения Премьер-Министрі Никол Пашинянмен де кездесті. Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошановтың делегация басшылары Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысы Өкілдер Палатасының Төрағасы Владимир Андрейченкомен, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің төрағасы Талант Мамытовпен және Тәжікстанның Маджлиси намояндагон Маджлиси Оли төрағасы Махмадтоир Зокирзодамен екіжақты кездесулері барысында парламентаралық диалогты нығайту мәселелері талқыланды.Мәжіліс Спикері ТүркПА миссиясының байқаушыларымен кездесті
Нұр-Сұлтан, 3 маусым, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясы миссиясының байқаушыларымен кездесті. Басқосуға Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Жиналысының депутаты Реджеп Шекер, Әзербайжан Республикасы Милли Меджилисінің депутаты Хикмет Мамедов, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің депутаты Чолпон Султанбекова және ТүркПА Бас хатшысы Мехмет Сүрейя Эр қатысты. Мәжіліс Спикері бұл кездесудің Қазақстан үшін жауапты әрі тарихи кезеңде өтіп жатқанын атап өтті. «Екі күннен кейін өтетін үлкен саяси науқан – республикалық референдум барысын байқауға арнайы келген ТүркПА делегациясына шын жүректен алғысымды білдіремін. 5 маусымда сіздердің миссия халық белсенділігіне куә болып, әділ бағасын береді деп ойлаймын», – деді Ерлан Қошанов. Өз кезегінде, байқаушылар Конституциялық реформалар Қазақстанның одан әрі дамуына тың серпін беретініне сенім білдірді. «Демократия – үнемі дамып отыратын процесс. Осы орайда Мәжілістің рөлі ерекше. 1995 жылдан кейін өткізіліп отырған референдумның да маңызы зор деп ойлаймын. Жексенбі күні өтетін науқан Қазақстан халқы және жалпы түркі жұрты үшін жақсылықтың нышаны болады деген сенімдіміз. Бауырлас қазақ елі жарқын болашаққа нық қадам жасайды деп білеміз», – деді Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Жиналысының депутаты Реджеп Шекер. Кездесу соңында Ерлан Қошанов көпжақты байланыстарды нығайтуда парламентаралық ынтымақтастықтың маңызы зор екенін айтты.Мәжіліс Төрағасы ТүркПА-ның Бас хатшысымен кездесті
Нұр-Сұлтан, 3 маусым, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) Бас хатшысы Мехмет Сүрейя Эрді қабылдады. Кездесу барысында Ерлан Қошанов еліміз тәуелсіздік тарихында жаңа кезеңге қадам басып отырғанын атап өтті. Біздің Президентіміз конституциялық өзгерістерге байланысты референдум өткізу туралы бастама көтерді. Бұл уақыт талабынан және қоғам сұранысынан туындап отырған тарихи шешім. Осыған байланысты елімізге ТүркПА-ның байқаушылары да келді. Бұл жұмысқа өзіңіз де атсалысып отырсыз, – деді Мәжіліс Төрағасы. Өз кезегінде С.Эр алдағы референдумның сәтті өтетініне тілектестік білдіріп, бұл Қазақстанның одан әрі дамуы жолындағы маңызды кезең болатынына сенім білдірді. Біз Қазақстанды Еуразияның жарқыраған жұлдызы деп білеміз. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауына өзі атап өткен рефорамалар негізінде Ата заңға өзгерістер енгізілгелі отыр. Сондықтан алдағы референдумның сәтті өтуіне шын жүректен тілектеспін, – деді ТүркПА-ның Бас хатшысы. Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Мехмет Эрге республикалық референдум жұмысына қатысуға белсенділік танытқаны үшін ризашылық білдірді. Сонымен қатар кездесуде тараптар Қырғызстанда өтетін ТүркПА-ның ХІ Кеңесі мен жалпы отырысына қатысты мәселелерді талқылады. Аталған жиында ұйымның 2023-2028 жылдарға арналған Стратегиялық жол картасын бекіту жоспарланған.ЕҚЫҰ басшысы Қазақстандағы саяси реформалардың ауқымы зор екенін атап өтті
Нұр-Сұлтан, 1 маусым, Мәжіліс үйі. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошановпен кездесуінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы, Польша Республикасының Сыртқы істер министрі Збигнев Рау мәлімдеді. З.Рау Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституциялық реформаларын іске асыру нәтижесінде Парламенттің рөлі күшейетінін атап өтті. – Қазақстанды ауқымды саяси реформаларды жүзеге асыруда біздің Ұйым мен ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің барлық ресурсы пен тәжірибесін толық пайдалануға шақырғымыз келеді, – деді ЕҚЫҰ төрағасы. Збигнев Рау Қазақстанға ЕҚЫҰ-ның қайта сайланған төрағасы ретінде өңірмен танысуға арналған сапары аясында арнайы келді. Сонымен қатар оның Өзбекстан мен Монғолияға да сапары жоспарлануда. Ерлан Қошанов ЕҚЫҰ төрағасының сапары Қазақстан үшін маңызды саяси оқиға – референдум қарсаңында өтіп жатқанын атап өтті. Мәжіліс Спикері мұны Мемлекет басшысының реформалары мен жалпыхалықтық референдумды қолдауының дәлелі деп санайды. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ЕҚЫҰ-ның өзара іс-әрекетінің, Қазақстан-Польша екіжақты қатынастарының, соның ішінде екі ел парламенттері арасындағы байланыстың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады. З.Рау өткен ғасырдың 30 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін кезінде Қазақстанға жер аударылған ондаған мың поляктарға қолдау көрсетіп, пана болғаны үшін қазақ халқына алғысын айтты. Сондай-ақ ол Қазақстанда тұратын этникалық поляктардың төл мәдениеті мен тілін үйренуіне барлық жағдай жасалғаны үшін ризашылығын білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар барлық деңгейдегі ынтымақтастықты одан әрі кеңейту туралы келісті.