ИМАШЕВА
Снежанна
Валерьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы

Депутатқа хат
Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің ҚР Жоғарғы Сотында көшпелі отырысы өтті

Сондықтан бұрынғы тәжірибені ескере отырып, Астанада қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша үш кассациялық сот сатысын құру ең жоғары басымдықты үлгі болып көрінеді. Сот ісін жүргізудің барлық түрлеріне шағымданудың және қайта қараудың бірыңғай ережелерін енгізу ұсынылады.

Бірінші. Дауды мәні бойынша шешетін барлық сот актілері аппеляцияға шағымданғаннан кейін заңды күшіне енуі тиіс.

Екінші. Өндіріске қабылдау үшін алдын ала қарауды жою ұсынылады. Барлығы «үздіксіз кассация» принципі бойынша жұмыс істеуі керек, яғни істер дереу қарау үшін кемінде 3 судьядан тұратын алқаға ұсынылуы тиіс.

Үшінші. Бүкіл өркениетті әлемдегідей, соттың нақты тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін біз кассациялық қарау мерзімін «ақылға қонымды мерзім» ұғымымен қамту керек деп есептейміз, бірақ ол 6 айдан аспауы керек.

Төртінші. Сот талқылауы тараптардың міндетті түрде қатысуымен ауызша жүргізілуі тиіс.

Жоғарғы Сот қадағалауды және сот тәжірибесінің бірлігін қамтамасыз етуді басты назарда ұстайтын болады. Қадағалау ісін сот практикасына қайшы қабылданған немесе құқықты дамыту мүддесінде қайта қарауды талап ететін шешімдер бойынша Жоғарғы Сот судьясы бастамасы бойынша қозғайтын болады. Бұл тұрғыда әрбір Жоғарғы Сот судьясының жауапкершілігі артады.