Ким
Вера
Александровна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
"ФРАКЦИЯЛАР ТАНДЕМДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ МАҢЫЗДЫ": ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ ПАВЛОДАР ӨҢІРІНІҢ ПАРТАКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ

"AMANAT" партиясының облыстық филиалында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Вера Ким, Нұржан Әшімбетов, Жарқынбек Амантай  өңірлік партактивпен кездесу өткізді. Отырыс жұмысына Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы Илья Теренченко, партияның өңірлік филиалының атқарушы хатшысы Айгүл Маликова, сондай-ақ барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары қатысты.

Партактив алдында сөз сөйлеген Нұржан Әшімбетов павлодарлықтар Мәжіліс пен Сенат құрамына Ертіс өңірінен келген көптеген жерлестердің кіргенін мақтан тұта алатынын атап өтті. Мәжілісмен сондай-ақ 2023 жылы іске асырылған негізгі жобалар туралы айтып берді.

"Біз белсенді түрде қолдаған маңызды сәттердің бірі-жайылым туралы заңнамаға өзгерістер енгізу. Маусым айының соңында біз осы Заң жобасының бірінші оқылымын сәтті өткіздік, желтоқсан айының соңында екінші оқылым қабылданды, заңда 72 жаңа бап қарастырылған. Бұл жер қатынастарын реттеу саласындағы елеулі қадам болды", - деп атап өтті депутат.

Жер учаскелерінің жағдайын қадағалау бойынша электрондық деректер базасын енгізудің арқасында иесіз жерлерді қайтару жұмыстары айтарлықтай жеңілдетілді. Сонымен қатар, мәжілісмендер Заңдағы негізгі өзгерістер жерді алып қою нормативтеріне қатысты екенін айтты.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Вера Ким өңірлерге, қалалар мен аудандарға қатыстылығына қарамастан, барлық деңгейдегі мәслихаттардың бірлескен жұмысының маңыздылығы туралы айтты.

"Мен еліміздің алдында тұрған сын-қатерлерді еңсеру тандемде жүзеге асырылуы тиіс екеніне сенімдімін. Бүгінгі таңда мәселелердің 90% - ға жуығы өңірлік сипатта. Фракциялық тандем тиімді процестің ажырамас бөлігі болып табылады. Мәселелерді жан-жақты қарау мен шешуді қамтамасыз ету үшін әрбір депутаттың өз тақырыбына терең бойлауы маңызды", - деді Вера Ким.

Мәжілісмен Жарқынбек Амантай Мемлекеттік сатып алу саласындағы проблемалық мәселелер туралы айтып берді. Халық қалаулысының айтуынша, депутаттар өзгерістер мен толықтыруларды ұсына отырып, барлық баптар мен тармақтарды мұқият қарайды. Ол сондай-ақ елдегі есірткіні таратудың өзекті тақырыбына тоқталды.

" Өкінішке орай, бүгінде бұл іспен көптеген адамдар айналысады, олар қоғамға төнетін қауіптің барлық дәрежесін және олардың әрекеттері үшін қандай жаза қолдануы мүмкін екенін толық түсінбейді. Қазір закладчиктер көп болып кетті. Әр өңірден азаматтар шағыммен келіп, заңға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстармен келуде. Әлеуметтік желілер арқылы жастар пайда табу мақсатында закладчиктер болып, біреулердің арбауына түсіп жатыр. Бір отбасыдан екі баланың он жылға сотталып кеткен жағдайлары кездесті. Мақсат заң шығару арқылы телеграмм каналдардың жұмысына тыйым салу", - деді ол.

Кездесу барысында мәслихат депутаттары өңірдегі ағымдағы жағдайды талқылап, жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.