Ким
Вера
Александровна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

2020 жылдың 27 қантарында жарияланды

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министріңің

орынбасары

Е.Л. Тоғжановқа

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Ералы Лұқпанұлы!

2020 жылдың 8 желтоқсанында Еріктілер жылының ресми жабылу салтанатында Мемлекет басшысы еріктілер қызметін одан әрі дамыту қажеттілігін мәлімдеді. Бүгінгі таңда елдің еріктілер ұйымдары 180 мыңнан астам адамды біріктіреді. Пандемия кезінде 120 мыңнан астам еріктілер халыққа көмек көрсетті. Алайда, тиісті жағдай жасалса, көмектесуге дайын адамдардың саны айтарлықтай артуы мүмкін.

Еріктілер жылы аясында өткізілген іс-шараларды талдау әлеуметтік қызметтер мен еріктілердің өрбіген іс-шараларға толықтай дайын еместігін көрсетті. Әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдар мұқтаж отбасыларға әлеуметтік қолдау шаралардың атаулылығын қамтамасыз етпеді. Халықты жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету процессі де шектен тыс болған жоқ. Мысалы, Сингапурда еріктілердің арқасында медициналық маскаларды жаппай таратуы олардың «дүрбелең сатып алудың» алдын алды.

Пандемия мен төтенше жағдай кезіндегі жергілікті атқарушы органдар мен еріктілердің бірлескен қызметін бағалау бірқатар мәселелерді анықтады, бұл олардың өзара әрекеттесуінің төмен тиімділігі мен жедел еместігі, сондай-ақ дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруға еріктілердің әлсіз қатысуы. Еріктілікке дайындалу адамның еріктілік қызметіне дұрыс қосылуын қамтамасыз етеді. Психологиялық күйзеліске дайын болмау эмоционалды күйіп қалу қаупін тудыратындықтан, нәтижесінде адамдар мұндай іс-шараларға қатыспайды.

Осыған байланысты еріктілер қозғалысының жүйелі дамуы үшін біз келесі шараларды қабылдау қажет деп санаймыз:

1) ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық және әдістемелік қолдауды қоса алғанда, волонтерлік ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылына негізделген еріктілер қызметін қолдаудың бірыңғай стандартын әзірлеу және енгізу;

2) еріктілерге үміткерлерге арналған оқу бағдарламаларын әзірлеу және енгізу, білім беру ұйымдарында элективті курстар енгізу арқылы волонтерлік тәжірибені жетілдіру;

3) жергілікті атқарушы органдар үшін еріктілерді тарту технологиялары бойынша нұсқауларды әзірлеу, әсіресе әлеуметтік салада;

4) еріктілер жұмыспен қамтылған немесе білім алған кезде оларға ұсыныс хаттар беруді қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген тәртіппен депутаттық сауалға жауап беруді сұраймыз.

Құрметпен,

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары,

Нұр Отан партиясы фракциясының мүшелері

Ж. Омарбекова

Ж. Нұрманбетова

Ә. Әбсеметова

В. Ким

 А. Нұркина