Колода
Дмитрий
Владимирович

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ЕРКЕБҰЛАН МӘМБЕТОВПЕН БІРГЕ ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢҒЫРТУ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫҚ.

Image title

Image title

Image title

Image title

Image title

Image title

Екібастұз ЖЭО-да болған апаттан кейін, Мен үшін Петропавл ЖЭО-2-ге бармау мүмкін болмады.

Еркебұлан Мәмбетовпен бірге облыс орталығының жаңа жылыту маусымына дайындық және жаңғырту барысымен таныстық.

«Севказэнерго» АҚ «Энергетикалық жабдықтарын қайта құру, жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру 2023 - 2025 жылдарға арналған» инвестициялық бағдарламасы ұсынылды.

Сараптамалық кеңесте бірнеше рет талқыланып, өзгертулер енгізілгеннен кейін бұл бағдарлама бекітілді. Бұл бағдарламаны орындау ЖЭО-2 технологиялық жабдығының техникалық ресурсын қолдауға мүмкіндік береді және кезекті жылыту маусымдарының үздіксіз өткізілуін қамтамасыз етеді.

Бағдарламаны орындау үшін 2023 жылға -3,4 млрд. теңге, 2024 жылға – 4,6 млрд. теңге, 2025 жылға – 6,4 млрд. теңге шығыстар жоспарланған.

Бағдарламада қазандық агрегаттарын күрделі жөндеу және реконструкциялау көзделген, жылытқыштар, сорғы жабдықтары, қазандықтар ауыстырылатын болады.

#AMANAT2023

#SKO

#Petropavlovsk