Саиров
Ерлан
Бияхметұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы. Қоғам өкілдерімен және аудандық ауруханада ұжымымен кездесулер

Image title

Image title

https://www.facebook.com/100001014586146/posts/4444229282287514/?

#депутатнұротан

Бүгін Зайсан қаласы жұртшылық өкілдерімен кездестік.

Басты мақсат "Nur-Otan" партиясы сайлауалды бағдарламасының басты аспектілерін қарастыру.

Зайсан аудандық орталық больницасында "ковидке" төтеп беру мәселесі талқыланды.

Зайсан ауданында халықтың 50- пайызынан көбі вакцина қабылдаған.

Халық арасында кең түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен бірге больницаның материалдық- техникалық базасын нығайту мәселесі өзекті.

Жетіспейтін заманауй  құрылғылар көп.

Жедел жәрдем машиналарымен қамтамасыз ету де өз дәрежесінде емес.

Бұл мәселенің баршасын бірлесіп шешетін болдық.

Зайсан Мәдениет үйінде Зайсан қаласы активімен кездестік.

Бұл кездесуде жергілікті қауым өкілдері ауданды газбен жабдықтау, жем-шөптің бағасын реттеу, сайлау туралы заңды ұштау, вакцинация кезіндегі түсіндіру мәселесі ақсап тұрған жерлеріне назар аударды.

Әрбір мәселе төңірегінде терең, жан- жақты талқылау болды.

Зайсан жұртшылығы мәдениетті, жоғары ұлағатты, саяси кезең мәселесін терең, жан-жақты түсінеді.

Кездесулер қызу пікіралмасу, дискуссия форматында өтті.