Саиров
Ерлан
Бияхметұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Шығыс Қазақстан облысы. Күршім ауданы. Қалжыр ауылдық округі

Image title

https://www.facebook.com/100001014586146/posts/4448108528566256/?

#депутатнұротан

Құрметті достар!

Біз "Nur-Otan" партиясының Мәжілістегі Фракциясының мүшесі ретінде аймақтарға іс- сапарымызды жалғастырудамыз.

Кеше  ШҚО, Күршім ауданы,  Қалжыр ауылдық округіне келдік.

Келе сала жем-шөп, мал- жан мәселесімен таныстық.

Қалжыр жақта жем- шөп жылдағыдан аздау болғанмен жеткілікті мөлшерде жинап алуға жағдайы бар тәрізді.

Қалжырлықтарды, көрші Боран ауылдық округі азаматтарын толғандыратын екі мәселе бар.

Бірінші, ерекше су қоймасы болып табылатын Қалжыр өзенінің бойында заңсыз алтын шаю фактілері көбейген. Бұл процесс өзеннің фаунасына кері әсерін тигізеді. Қалжырда балық жоғалып кеткен, өзен мүлдемге лайланған.

Бұл проблемамен бөлек айналысамыз.

Екінші проблема- шыбын-шіркей, маса.

Ауылда масаның эпидемиясы. Масаның көптігі сонша, тек қана арнайы сетка киіп жүрмесе болмайды.

Масаны уландыру ештеңе шешпей отыр.

Уландыру процесі жолға қойылған, оқтын- оқтын жұмыс жүйелі түрде жалғасуда.

Бірақ, маса азайар емес.

Менің ойымша, бұл проблеманы түбегейлі шешу үшін масаның табиғи ошақтарын тауып, сол ошақтарды жою керек.

Ал ол үшін осы жақта кешенді ғылыми зерттеулер қажет.

Экология, ауылшаруашылық, денсаулық сақтау министрліктері біріге отырып, жұмыс тобын құрап, Қалжыр өңіріне  арнайы ғылыми экспедиция ұйымдастыру өте өзекті!

Бұл мәселемен тыңғылықты айналысатын боламыз!

Жалпы Марқакөл өңірінен халықтың үдере көшуі тоқтамай тұр.

Бұл проблеманың бір себебі, әлеуметтік-экономикалық проблемалармен қатар,  (парадокс болса  да) осы маса болуы ықтимал.