Саиров
Ерлан
Бияхметұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Шығыс Қазақстан облысына іс- сапар туралы қысқаша мәлімет

Image title

https://www.facebook.com/100001014586146/posts/4454099717967137/?

#депутатнұротан

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжіліс депутаты, "Nur-Otan" партиясы Фракциясы мүшесі ретінде Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік шекаралық аудандарына сапарым аяқталды.

Тарбағатай ауданында жол мәселесі бойынша "Казавтожол", "КазГер", " Цинь-Цинь" мекеме өкілдерімен ірі жиналыс өткіздік.

Тарбағатай ауданы Аксуат, Екпін, Ақжар, Маңырақ, Бозша, Қазақстан, Жаңаталап, Ахметбұлақ елді мекендеріне барып, халықпен кездестік.

Зайсан ауданы Тасбастау, Шілікті ауылдарына барып, Зайсанның өзінде 5 кездесу өткіздік.

Күршім ауданында Қалжыр ауылдық округі, Марқакөл ауылдық округінің азаматтарымен, Күршімнің өзінде жұртшылық өкілдерімен кездесу өткіздік.

Жалпы, 25 аса әр- түрлі кездесулер болды.

Барлық кездесулер дискуссия тұрпатында, қызу пікірталас, ашық түрде өтті.

Көптеген мәселелер мен проблема талқыланды.

ШҚО-ға сапар әлі аяқталған жоқ.

Алда Өскемен, Семей қаласында кездесу бар.

Азаматтардың көкірегі ояу, моральдық дәрежесі жоғары, саяси мәдениеті кемелденген.

Проблемалар республикалық және жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде.

Бұл мәселелерді екі бағытта, рет-ретімен шешетін боламыз.

#Бізбіргеміз!