Саиров
Ерлан
Бияхметұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Шығыс Қазақстан облысы. Өскемен қаласы. Шығыс Қазақстан облыстық көпсалалы «Онкология және хирургия орталығы» ұжымымен кездесу.

Image title

Image title

https://www.facebook.com/100001014586146/posts/4458397920870650/?

#nurotanдепутат

Nur-Otan партиясы Фракциясы мүшелері, менің Мәжілістегі әріптестерім Зарина Камасова , Игорь Панченко мен біріге отырып, Өскемен қаласындағы "Онкология сауықтыру орталығының" ұжымымен кезіктік.

Кездесу барысында еліміздің медицина саласының даму аспектілері, пандемияны жеңу мәселесі, Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағыттарын талқыладық.

ШҚО онкология проблемасы бойынша алдыңғы қатардың бірінде, дегенмен өңірде осы қатерлі ауруға қарсы іс-қимыл кешені жасалуда.

Мамандардың айтуынша бұл өте қатерлі ауруға шалдығудың басты себептері өмір сүру салты. Экология екінші фактор болып есептеледі екен.

Аталған орталық ауруды емдеудің заманауи  құрал- жабдықтарымен қамтамасыз етілген.

Біз медицина саласы өкілдерінің көптеген сұрақтарына жауап бердік.

Құрметті достар!

Осымен, менің ШҚО ға сапарым аяқталды!

Кешке Нұр-Сұлтан қаласына жол тартамын.

Халықтың өтініш- тілектерін, аманатын кешенді орындауға күш саламыз!