Саиров
Ерлан
Бияхметұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың барысы және шекаралық инфрақұрылымның жай-күйі туралы» деген тақырыпта көшпелі отырысы

Image title

Ағымдағы жылдың 11-12 қарашасында Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың барысы және шекаралық инфрақұрылымның жай-күйі туралы» деген тақырыпта  Жамбыл облысында көшпелі отырысы болып өтті.

            Парламент Мәжілісінің Негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылған көшпелі отырыс жұмысына Мәжіліс депутаттары, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің басшылығы мен қолбасшылық құрамы, Жамбыл облысы әкімдігінің басшылығы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Отырысты ашқан Комитет төрайымы Айгүл Құспан Мемлекеттік шекараны қорғау және күзетуді жетілдіру, сондай-ақ Шекара қызметін оған қойылатын талаптардың артқанын ескере отыра одан әрі дамыту мәселелері тұрақты түрде біздің Комитетіміздің назарында екенін атап өтті.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры, генерал-лейтенант Дархан Ділманов мәжілісмендерді «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңның іске асырылу барысы, шекаралық инфрақұрылымның жай-күйі, орын алып отырған проблемалы мәселелер мен оларды шешу жолдары туралы хабардар етті.

 Іс-шара шеңберінде депутаттар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қордай ауданы бойынша шекара басқармасында, «Қордай», «Айша-Бибі» өткізу пункттерінде және басқа да шекаралық инфрақұрылым объектілерінде болды.

Шекаралық инфрақұрылым объектілерін аралау барысында парламентарийлерге техника мен қару-жарақ, шекараны күзетудің техникалық құралдары, шекара бұзушыны үлгілік ұстау және Шекара қызметінің қызметтік-әскери жұмысының басқа да тәсілдері көрсетілді

Іс-шара шеңберінде депутаттар Құдайберген Ержан мен Сергей Решетников Байзақ ауданындағы Қорғаныс министрлігінің 28349 әскери бөлімінде (оқ-дәрілерді сақтау қоймасы) оқ-дәрілердің жарылуы салдарын жою барысын зерделеу мақсатында болды.

Көшпелі отырыс соңында мәжілісмендер айтылған проблемалы мәселелер мен оларды шешу жолдарын, әсіресе бюджеттік қаржыландыру бөлігінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін реконструкциялау мен жаңғырту бойынша аралық қорытындыларды жинақтады, сондай-ақ көшпелі отырыс барысында айтылған сындарлы ұсыныстардың салалық заңнаманы жетілдіру шеңберінде көрініс табатыны атап өтілді